Сіз тұрғын үй көмегін қалай алуға болатынын білесіз бе?
Тұрғын үй көмегіне үміткер меншік иесі болуы керек және меншігінде бір үйден артық баспанасы болмауы қажет екен. Әлеуметтік көмек түбіртек бойынша коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығын отбасының бір айдағы жиынтық табысының 5 пайыздан астамын құраған жағдайда тағайындалады.
Көмекке мұқтаж азаматтар жеке басын куәландыратын құжат, жұмыс орнынан жұмысқа орналасқаны бойынша бұйрық немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама; балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер; банктік шот; коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған түбіртектер; алдыңғы тоқсандағы түбіртектер мен телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі; мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот және жалға алған тұрғын жайдың келісім шартының көшірмесін тапсырулары қажет.
Айта кетейік, Шымкентте осыған дейін 200-ден астам отбасы алып үлгерді. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға жергілікті бюджет есебінен коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге 14 миллион теңгеге жуық жәрдем көрсетілген.
Естеріңізге салайық, тұрғын үй көмегін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тағайындайды. Өтінішті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе «e-gov» порталы арқылы жолдауға болады.
Түркістан облысы Кентау қаласында 100 ден астам тұрғын үй жөндеуден өтіп жатыр. ҚР «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» тұрғын үй қорын жаңғырту саласы бойынша 2019 жылы Кентау қаласында 44 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден […]
2020 жыл еліміз үшін сынаққа толы жыл болса да, Шымкент қаласы жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтап отыр. Есепті кездесуінде осылай деген қала әкімі М.Әйтенов тұрғындар қолдау көрсетіп отырса, биылғы жылыда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілетініне сенімді […]
Арыс қаласында биыл құрылысы жүріп жатқан 36 пәтерлі 3 көпқабатты тұрғын үй кезекте тіркеліп тұрған азаматтарға берілетін болады. Тұрғын үйді бөлу ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес, көпбалалы отбасылар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған […]
Пікір қалдыру