Алдағы күндері Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы күндері аталып өтіледі деп жоспарланған. Бауырлас мемлекеттің дәстүрі мен әдебін көріп, салты мен өнерін тамашалау қазақ жұртына қызық болары сөзсіз. Шахарымызда ұш күнге сөзылатын мерекелік шаралардың арнайы бағдарламасы да бар.
26-28 тамыз күндері «Көрме» орталығында Тәжікстанның ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдері, отандық қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдары көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
27 тамыз күні сағат 15:00 – «Признание саразма» көркем фильмінің көрсетіліміне ұласады. («Гипер Хаус» сауда үйі);
18:00 –Халық шығармашылығы, ұлттық киімдер, картиналар мен фотосуреттер көрмесінің таныстырылымы және Тәжікстан Республикасының мәдениет және өнер жұлдыздарының қатысуымен салтанатты концерт өтеді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 25-26 тамыз күндері Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келеді,
Сапар аясында жүргізілетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономика, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар екі ел басшылары Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін тамашалайды. Жоғарыдағы іс-шараға қаланың кез-келген тұрғыны қатыса алады.
Бұл аталған шаралар екі елдің ынтымақтастығын нығайтып, сенімін бекемдейді.
“Шым қала” тарихи — мәдени кешеніне Тәжікстан Республикасының мәдениет күндері аясында бауырлас елдің Ауыл шаруашылығы министрі Хакимзода Курбон бастаған делегация келді. Қонақтарға қала әкімі Мұрат Әйтенов жылы лебізін білдіріп, меймандостық танытты. Ежелгі Жібек жолы бойында […]
Тәжікстан Республикасының мәдениет күндері аясындағы көрші ел кәсіпкерлерінің ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп тауарларының жәрмеңкесі қаламыздың қақ ортасында орналасқан Қажымұқан стадионында жалғасуда. Жәрмеңкеде анар, алмұрт, алма, кептірілген жемістер, бақша өнімдері көпшілікке ұсынылды. Сондай-ақ қала халқына […]
Саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларды табысты жүзеге асыруда көпұлтты Қазақстан үшін тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің маңызы зор. Соңғы күндері шахарымыздағы өтіп жатқан мәдениет мерекесінің шарықтау шегі Түркістан мәдениет сарайында жалғасып тапты. Жексенбілік өнер кешіне Тәжікстан Республикасының мәдениет министрі […]
Пікір қалдыру