Тәжікстан Республикасының мәдениет күндері аясындағы көрші ел кәсіпкерлерінің ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп тауарларының жәрмеңкесі қаламыздың қақ ортасында орналасқан Қажымұқан стадионында жалғасуда. Жәрмеңкеде анар, алмұрт, алма, кептірілген жемістер, бақша өнімдері көпшілікке ұсынылды. Сондай-ақ қала халқына қауын, қарбыз, асқабақ сонымен бірге бал өнімдері сатылымға шығарылды. Тәжікстан мемлекетінің ауылшаруашылығы негізі мақта болғанымен, жемістер мен көкөністерді өсіруде де Орта Азияда үлесі бар. Егістік алқаптың 64,5 мың га жеріне жеміс-жидек 21 мың га жерге жүзім отырғызылған. Жүзімдік және бақ Тәжікстанның оңтүстік-батыс жағында және батыс памир бөлігінде алмұрт, алма, айва, інжір, анар көптеп өсіріледі. Кейінгі жылдары лимон өсіріле бастаған.
Аталған көрмеге сусындар мен шырындар, консервіленген жемістер мен көкөністер, кондитерлік өнімдер де қойылды. Оларға қазақ халқының тарапынан сұраныс күшейе түсті.
Тұрғындар орталық стадионға көптеп жиналып, Тәжікстанның ұлттық тағамдарымен танысып, дәм татып, тәжік халқының өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.
Жалпы Тәжікстан Мемлекетінен 189 тонна жеміс түрлері, 85 тонна бақша өнімдері, 248 тонна көкөніс өнімдері мен 8 тонна балмен қоса 13 тонна өнеркәсіп өнімдері бар.
Өз елінің өнімдерін өзгеге таныстыру, қоян қолтық араласу арқылы кәсіпкерлер тәжірибе алмасып, екі елдің ынтымақтастығын одан әрі няғайта түсетініне сенімді.
Алдағы күндері Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы күндері аталып өтіледі деп жоспарланған. Бауырлас мемлекеттің дәстүрі мен әдебін көріп, салты мен өнерін тамашалау қазақ жұртына қызық болары сөзсіз. Шахарымызда ұш күнге сөзылатын мерекелік шаралардың арнайы бағдарламасы да бар. […]
“Шым қала” тарихи — мәдени кешеніне Тәжікстан Республикасының мәдениет күндері аясында бауырлас елдің Ауыл шаруашылығы министрі Хакимзода Курбон бастаған делегация келді. Қонақтарға қала әкімі Мұрат Әйтенов жылы лебізін білдіріп, меймандостық танытты. Ежелгі Жібек жолы бойында […]
Қазақстанның Тәжікстандағы мәдениет күндері аясында өткен салтанатты концерт екі елдің арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмонның қатысуымен өткен шарада «Кохи Борбад» сарайында Қазақстан мен Тәжікстанның өнерпаздары өз өнерлерін […]
Пікір қалдыру