Ғылыми-сарапшылық топ мүшелері бас қосты

Шымкент қаласының «Достық үйі» ғимаратында Шымкент қаласының ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының кезекті жиыны өтті.
Жиынға ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері қатысты.
Кездесуде Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы И. Хашимжанов, Шымкент университетінің «Филология» кафедрасының аға оқытушысы Ш.Болғанбаева баяндама жасады.
Сонымен қатар, эксперт ғалымдар қала тұрғындарын қазақстандық қоғамға тән мәдени-тұрмыстық құндылықтар аясына топтастыру, этностық топтардың өзіндік мәдени-рухани құндылықтарын сақтай отырып, мемлекеттік саясат шеңберіндегі мақсаттар мен міндеттерге жұмылдыру бойынша өз ойларын ортаға салды.
Ғылыми-сарапшылық топ мүшелерімен жыл басынан бері 9 іс-шара өткізіп, оларға барлығы 400-ге жуық адам қамтылды. Бұл жоғарыда аталған сарапшылардың айтуынша жақсы көрсеткіш. Десе де, игі бастамалар тоқтап қалмайтынын айтты.
БАҚ пен интернет-ресурстарда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік мәселелері, жолдау бойынша мемлекеттік саясат саласындағы басымдықтар туралы 5 материал жарияланды.
Бұдан бөлек, топ мүшелері ҚХА жанындағы ақпараттық-насихаттық топтардың құрамында Шымкент қаласы аумағындағы этнос өкілдері жинақы тұратын 23 шағынаудан мен тұрғын алаптарда болып, анықталған проблемалық мәселелер жөнінде талдамалық ұсынымдар әзірледі. аталған ұсыныстар негізінде жұмыстар жасалынып, нәтижелі істер атқарылады деп сенім білдірді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*