Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында, бюджеттен 8,7 млрд.теңге бөлініп, 200-ге жуық сауда орындарында бірінші қажетті азық-түлік тауарлары нарықта төмен бағада сатылып келеді.
Айта кетейік, «азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» қала әкімінің қаулысы қабылданып, азық-түлік сататын кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру механизмі жүргізілген болатын.
«Shymkent» ӘКК» АҚ тарапынан қарыз алушы кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп тұрады. Тексеру барысында ондағы әлеуметтік маңызы бар азақ-түліктердің төмен және тұрақты бағада сатылып жатқандығына көз жеткізген.
Атап айтқанда, олар «Магнум» сауда желісінің саны – 31, «Грамад» сауда желісіның саны – 24, ет өнімдерін өндіретін шаруа қожалықтарының нүктесі – 10, ірі базар аумақтарында орналасқан көкөніс өнімдерін сататын жылжымалы сауда нүктесі – 6, халықтың тығыз орналасқан аймақтарындағы үй маңындағы кіші дүкендер – 129.
Қазіргі қоғамда халықтың қымбатшылықтан сескеніп қалғанын байқауға болады. Сондықтан да, саудагерлер тарапынан бағаны негізсіз өсірмеуін жіті қадағалауға алып отырамыз, бағаны тұрақтандыруға басқа да қажетті шараларды алдағы уақытта ұйымдастыратын боламыз дейді жауаптылар.
Қазіргі уақатты қала бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ, баға тұрақты бақылауда.
Апта сайын жергілікті тауар өндірушілерімен шаруа қожалықтарының және көтерме сауда қызметімен айналысатын кәсіпкерлердің қатысуымен қаланың 8 жерінде азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылып, күнделікті тұтынатын тауарлар нарықтан 10-15% төмен бағада сатылуда, жыл басынан бері 300 жәрмеңке өткізілді.
В Шымкенте сотрудники полиции, находясь на дежурстве, своевременно заметили возгорание автомобиля и сумели потушить огонь до приезда пожарных, тем самым предотвратив тяжёлые последствия и возможный материальный ущерб. Инцидент произошёл на одной из центральных улиц Сайрамского […]
В Шымкенте в рамках оперативно-профилактического мероприятия «Участок» сотрудники полиции провели масштабные проверки по месту жительства граждан, владеющих оружием. Основная цель рейда заключалась в том, чтобы выявить и пресечь нарушения, связанные с правилами хранения, сроками регистрации […]
Шымкент қаласы Қаратау ауданының аумағы 19 500 гектар жерді алып жатыр. Аудандағы халық саны 213 мыңнан астам, сондай-ақ мұнда 18 елді мекен орналасқан. Қаратау ауданындағы көшелер саны – 595. Қаратау ауданының елдімекендерінде халық тығыз орналасқандықтан […]
Пікір қалдыру