Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен арнайы жиында жеке мектептердегі оқушыларды ыстық тамақпен қамту мәселесі қарастырылды. Сондай-ақ қала прокуроры Ғабит Мұқанов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қала бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғариннің қатысуымен өткен басқосуда ыстық тамақ беруді тиімді ұйымдастыру тетіктері мен осы бағыттағы өзекті мәселелер пысықталып, оңтайлы шешу жолдары талқыланды.
Биыл қалада 134 228 оқушыны ыстық тамақпен қамту қарастырылған болса, оның 80 мыңнан астамы -1-4 сынып оқушылары, 53 893 оқушы — атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларының балалары. Мектептердегі қамқоршылық кеңесінің мүшелерінің айтуынша асханадағы ыстық тамақ министрліктен белгіленген тәртіп бойынша мәзірлері мен оның мөлшерлері ауытқымай беріліп жатыр екен.
2022 жылы қала мектептерінде бастауыш мектеп оқушыларына түгел ыстық тамақ берілген болатын. Жалпы қамтылған оқушылар саны — 133 758. Бұл мақсатқа 12,8 млн. теңге жұмсалған.
Қала аумағында осы бағыттағы жұмыстардың жүйелі жүргізілуін бақылау мақсатында құқық қорғау органдары қадағалап отырады. Сондай-ақ, білім саласына жауапты басқармалар бақылап, ата-аналар комитеті өкілдерінен арнайы құрылған жұмыс тобы өз тарапынан әр кезеңде тексеріс жүргізіп отырады.
Келесі аптада жұмыс тобының қорытындысы арнайы жиында талқыланатын болады. Алдын мектептердегі оқушыларды ыстық тамақпен қамту тек әлеуметтік жағдайына қарай ғана беріліп отырды. Қазіргі таңда тек аталған топқа ғана емес, 1-4 сынып оқушыларына түгелімен беріледі.
Түркістан облысы әкімдігінің тапсырмасымен барлық аудан, қалалардағы орта мектептерде «Әкелер мектебі» құрылды. Оның құрамына кірген ақсақалдар мен түрлі ұйым мүшелері жасөспірімдер тәрбиесін түзеу мен салт-дәстүр, ұлттық құндылықтарды дәріптеумен айналысып, отбасылық тәрбиені насихаттап, мектептердегі бала тәрбиесіне […]
Шымкент қаласы «Тұран» шағын ауданындағы 1200 орындық мектептің құрылысына барған қала басшысы мұндағы шешілмей жатқан түйткілді коммуналдық мәселелермен қатар, балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасалауы керектігін қадап айтты — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі Шымкент […]
Нұрсат шағын ауданында орналасқан жекеменшік мектепке көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді-деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. Заманауи және типтік үлгідегі 3 500 орынға лайықталған білім нысанының құрылысы былтыр наурыз айында […]
Пікір қалдыру