Шымкентте 81 жылдық тарихы бар мектеп пен балабақша жаңарып жатыр

Шымкент қаласында іргетастары өткен ғасырда, яғни 1939 жылы қаланған жалпы білім беретін орта мектеп пен балабақшада күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов 81 жылдық тарихы бар білім ұяларындағы жүріп жатқан жөндеу жұмыстарының барысын бақылап қайтты. Алдымен шахар басшысы  Мұрат Дүйсенбекұлы Х. Досмұхаметов атындағы №4 жалпы орта мектепте жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Алғаш білім ошағының іргетасы 1939 жылы қаланған бұл білім ордасында кейіннен 1991 жылы жапсарлас ғимарат бой көтеріп, мектеп кеңейе түскен.

1200 орындық білім ошағында бүгінде «Югстрой сервис-Н» құрылыс компаниясы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жөндеу жұмыстарымен қатар, білім ошағында жаһаздар, оқушы партасы да жаңартылады. Сондықтан, Мұрат Дүйсенбекұлы мұндағы парталардың қолданысқа жарайтынын қажеттілігі бар өзге мектептерге беруді тапсырды.


Қала әкімі бұдан кейін №13 «Ертөстік» балабақшасына барды. Іргетасы 1939 жылы қаланған бөбекжай 310 орынға арналған. Бүгінгі күнде әбден тозығы жеткен ескі ғимаратқа «KazIntelGroup» ЖШС күрделі жөндеуді жүргізіп жатыр. Мердігер жоспарланған кестеге сәйкес, бөбекжайдағы құрылыс жұмыстарын тамыз айында аяқтауы керек.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*