Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Әл-Фараби көшесі №21 үйдегі күрделі жөндеу жұмыстарының 70 пайызы аяқталып, мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын 10 күннің ішінде толық бітіруді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта шатыры толық ауыстырылып, қасбет жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы жөндеу жұмыстарына 12 адам жұмылдырылған. Тұрғындардың өтініші бойынша мердігер компания кіреберісті де реттеп бермек.
Үй комитетінің төрайымы Шарапат Жүсіпбекова зейнеткер 3 жылдан бері үй комиттетінің төрайымы қызметін атқарып жүр. Осы үйде 9 жылдан бері тұрады.
– «Күрделі жөндеу жүргізуге тұрғындармен бірлесе 2021 жылдан әрекет жасадық. Бұл үйдің жөндеу көрмегеніне 51 жыл болған екен. «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС-іне барып өтініш жаздық. Сонымен, биыл модернизацияға іліндік. Мердігер компания жұмысы тұрғындардың көңілінен шығып отыр. Біздің ұсыныстарымызды ескеріп, жұмысты сапалы атқаруда. Кіреберісімізді де ақысыз істеп бермек. Жалпы жергілікті бюджет бағдарламасы болғаннан кейін қайтарымды несие қаражатының пайызы жоқ. Осы жағы да бізге қолайлы болып отыр, – дейді 40 жыл ұстаз болған зейнеткер.
Көпқабатты тұрғын үйдің шатыры және артқы фасады ретке келтіріліп қойған. Енді он күннен кейін тұрғын үй жаңа кейіпке енбек. Шаһарда тозығы жеткен үйлерді жаңғырту жұмыстары осылайша кезең-кезеңімен атқарылуда. Себебі, кезең -кезеңімен қабылданған жұмыстарды тексеріп қабылдап алу, қайта дұрыстау жұмыстары болса, ретке келтіруге мүмкіндік болады.
Заманауи үлгіде жабдықталған «ЭКО ФАРМ» ЖШС “Тассай” индустриалды аймағында орналасқан. Кәсіпорында медициналық бұйымдар мен жеке қорғаныс құралдары — қорғаныш киімдері, обаға қарсы жиынтықтар мен маскалар шығарылады. Жоба құны — 3,4 млрд теңгені құрайды. Мұнда жылына […]
Бұл жайлы Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шамшиева, «Күнгей.кз» ақпарат агенттігінің ютуб каналындағы «Өзекті» жобасына берген сұхбатында айтты. Шамшиеваның айтуынща, шаһардың білім сапасы мен тәрбие жағы ақсап тұр. Оқушылар арасында ерте жүктілік пен құқықбұзушылық […]
Шымкент қаласының Полиция департаменті, оның ішінде Тұран аудандық полиция басқармасы, 2025 жылғы 4-14 тамыз аралығында қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында «Таза қала» атты жедел-профилактикалық іс-шараны бастады. Бұл бастама, аты айтып тұрғандай, тек […]
Пікір қалдыру