Шымкентте қалалық Ішкі Саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының тапсырысымен «Серпіліс» қоғамдық қоры ұйымдастырған БАҚ өкілдері арасында өткен үш күндік семинар-тренингте осы тақырыптар қозғалды.
Бүгінгі медиа. Дәстүрлі БАҚ-тың дамуы. Журналистикадағы тіл тазалығы. Бұл қазіргі таңдағы медиа саласындағы басымдылық берілуі керек ауқымды тақырыптар.
«Бүгінгі медиа: біліктілік және қоғаммен байланыс» тақырыбында өткен семинарға елімізге белгілі журналистер, баспасөз хатшылары, баспа және телевизия саласындағы тәжірибелі мамандар мен жас журналистер қатысты. Сонымен қатар, басқосуға Түркістан, Жамбыл облыстарында журналистика саласында еңбек етіп жүрген мамандар да шақырылды.
Семинар-тренингтің негізгі мақсаты – жас журналистердің біліктілігін арттыру, қоғаммен байланыс орнатудың тиімді жолдарын көрсету,- деп атап өтті шараны ұйымдастырушы журналист Бейсенкүл Нарымбетова. Журналисттердің біліктігін арттыру үшін жасалынып жатқан іс-шараны жақсыға бағалады.
«Бүгінгі қазақ баспасөзі: Ұлттың идея және тіл тазалығы» жайында белгілі журналист Ғалымжан Елшібай, «Заманауи коммуникация құралдарының дамуы және оның дәстүрлі БАҚ- қа ықпалы» тақырыбында спикер Данияр Алан баяндама жасаса, Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Мира Сүлейменова қоғаммен байланыстағы тәжірибесімен бөлісті.
Бүгінгі таңда қазақ журналистикасында тіл тазалығы мәселесі жиі айтылады. Бұл бойынша Шымкент қалалық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі, тіл жанашыры Қабыл Дүйсенби өз ойымен бөлісті. Іс-шара аясында білікті БАҚ өкілдері жас журналистерге теориялық және практикалық тұрғыда шеберлік сабақтарын өтіп, диалог алаңында еркін пікір алмасты. Сонымен бірге түрлі ойындар ұйымдастырылып, жас журналистердің тапқырылығы мен ұшқырлығы да сынға түсті.
Бүгін Шымкентте Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен және Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) қолдауымен Орталық Азия елдері кәсіподақтарының шекара маңы ынтымақтастығы бойынша семинар өтіп жатыр. Оғакн Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерінен құралған делегациялар […]
Шымкент қалалық Әділет департаментінде Абайдың 175 жылдық мерейтойына орайластырған семинар өтті. Семинар видеоконференциялық, яғни онлайн форматта өткізілді. 2019 жылдың мамырында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары […]
Контрафактілік өнімдермен күресу және айналымдағы заңсыз тауар таңбалары тақырыбында онлайн форматта семинар өтті. Шымкент қаласының Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Бас прокуратурасының құқықтық стаистика және арнайы есепке алу комитетінің Шымкент қаласы бойынша […]
Пікір қалдыру