Елімізде баспана мәселесі көптің уайымына айналғагны рас. Десек те, жаңа қанатын жайған жас қала бұл бағытта артта емес. Түркістан қаласы халықты баспанамен қамту бағытында елімізде алдыңғы қатарда. Облыс орталығында соңғы 5 жылда тұрғын үй кезегінде тұрған 2558 азамат баспаналы болды. Жаңа шағынаудандар пайда болып, тозығы жеткен тұрғын үйлер ретке келтірілді.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жыл соңына дейін жалпы аумағы 185 мың м2 құрайтын 55 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Нәтижесінде 3140 отбасы баспаналы болады. 5 жылда құрылыс көлемі 2,5 есеге өсіп, 351 млрд. теңгені құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 2 есеге көбейіп, 864 мың шаршы метрге жетті. 5 жылда Түркістан облысында 4500-ге жуық отбасы коммуналдық баспанамен қамтылды. «7-20-25» бағдарламасы және «Отбасы банк» арқылы 5000-нан астам отбасы әлеуметтік кредиттік үй сатып алды.
Жалға алған баспана ақысын субсидиялау бағдарламасымен (50%) 2000-нан астам отбасы қамтылды. 221 көппәтерлі үйге күрделі жөндеу жүргізілді.
Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 5,7,9,12 жəне 20 қабатты 60 тұрғын үй салу (5 қабатты тұрғын үйлер) жоспарланған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын «ЕвроРемонтСервис» ЖШС, «Жаңа арна құрылыс» ЖШС, «Sy
Облыс орталығына айналған Түркістанда 5 жыл ішінде заманауи нысандар бой көтеріп, Түркістанмен бірге дамыту көзделген.
Түркістан облысы агроөнеркәсіп бойынша республикада көш басында. Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді. Спикердің сөзінше, биылғы жартыжылдықтың қорытындысымен жалпы ауыл шаруашылығы саласындағы өнім көлемі 216,9 млрд. теңгені құрап, өсім […]
Түркістан облысында 1-сұрыпты ұннан жасалған әлеуметтік нан бағасының көтерілуіне жол берілмейді. Өңірде әлеуметтік нан бағасының өсуіне қарсы жүйелі шаралар жүзеге асуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында қаладағы сауда орындары мен наубайхана өкілдерінің қатысуымен […]
Жетісай ауданында заманауи денешынықтыру кешені пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, жас спортшыларға жеңіс пен сәттілік тіледі. Жетісай қаласының орталық саябағында бой көтерген спорт кешенінде көрерменге арналған 150-дей орын […]
Пікір қалдыру