Бүгін, балаларды қорғау күні мерекесі мен «Бақытты балалық үшін» республикалық акциясына орай Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова қалық орталық ауруханаға барды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Қала басшысы балалар бөлімінде ем қабылдап жатқан бүлдіршіндердің хәл-жағдайын сұрап, мерекемен құттықтады. Олардың тезірек сауығып кетуін тілеп, бүлдіршіндерге ойыншықтар үлестіріп, сый-сияпат жасады.
Шаһар басшысы аурухана ұжымымен әңгімелесіп, денсаулық сақтау қызметкеріне үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Сондықтан оларға еңбектері үшін алғыс білдірді.
Айта кетейік, қалалық Орталық аурухананың балалар бөлімі бүлдіршіндерге мамандандырылған көмектің барлық түрін көрсетеді. Материалдық-техникалық базамен қамтылған. Аурухана 31 төсек орынға лайықталған. Сондай-ақ, бұл жерде жылына 1500-1800 бала ем алып шығады.
Арыстық 10 мың тұрғын газбен қамтылатын болды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Арыс қаласындағы 6 шағын аудан халқы бүгін газбен қамтылды. 2020 жылдан бері тоқтап тұрған нысанның мәселесін шешу үшін облыс әкімі […]
Шымкент қаласының Мамандандырылған ХҚО аумағында, автокөлік базарлары, автокөлік сататын дүкендер және адамдар көп жиналатын орындарда «Қалтаңыздағы ХҚО» акциясы басталды. Шара барысында Egov.kz жаңа мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар шымкенттіктерге Mgov.kz, телеграмдағы EgovKzBot туралы нұсқаулық буклеттер таратылды. […]
Биыл Шымкент қаласында әлеуметтік әлсіз топтағы отбасыларға мыңнан астам пәтер беріледі деп күтіліп отыр, деп хаббарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Бұл жайлы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова мәлімдеді. «Шымкентте 37 мыңнан астам адам үй кезегінде […]
Пікір қалдыру