Түлкібас – тек Түркістан облысына ғана емес, бүкіл Қазақстанға өзінің тұмса табиғатымен, көкорай шалғынымен, жасыл-желегімен танымал.
Түлкібас ауданы экономикасының дамуының маңызды бағыттарының бірі – туризм саласы. Ауданда туризмді дамытуға ден қойылған.
Қазіргі таңда Түлкібаста 36 туристік нысан жұмыс істейді. Атап айтқанда, 6 балалар сауықтыру лагері, 2 емдік сауықтыру орталығы, 21 туристік аймақ пен туристік базалар, 4 киелі аймақ және 3 қонақ үй келушілерге қызмет көрсетеді.
Туризм бағыты бойынша алдағы 3 жылда 13,4 млрд. теңгеге 5 жобаны сүйемелдеу жұмыстары жүргізілмек. Оның ішінде, «Ақcу Жабағылы» оңалту сауықтыру кешенін қайта құрылымдау және «Түлкібас саясы» ЖШС-нің қолданыстағы емдік сауықтыру орталығын кеңейту жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар «Ақcу Жабағылы» ОСК» ЖШС арқылы 400 орындық оңалту сауықтыру кешенінің құрылысы қолға алынады. Бұдан бөлек, жеке кәсіпкерлер есебінен «Патсаев. К» және «Боташов Б» демалыс орындары ашылмақ.
Сонымен қатар, туризм саласын дамыту мақсатында аудан аумағынан спорт, мәдени, емдік-сауықтыру рекреациялық аймақ құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда рекреациялық аймақтың егжей-тегжейлі жобасы әзірленуде. Аймақта киіз үйлер қалашығын, коттеджді қалашықтар, қонақ үйлер, ойын-сауық орындары, жабық спорттық залдар, ашық спорт алаңдарын және тағы басқа нысандар орналастыру үшін жер телімдері ұсынылатын болады.
Жобалар толық іске қосылғанда, 323 жаңа жұмыс орны ашылады. Одан бөлек, төсек-орын саны қосымша 640 бірлікке артып, салық түсімдері ұлғаяды деп күтілуде. Жалпы, биыл ауданда туризм саласын дамытуға орай бірнеше жоспарлап түзіліп, жобалар жүзеге асуда. Нәтижесінде, алдағы уақытта шетелден келетін туристер саны артатыны кәміл.
Түркістанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Достық үйі» ғимаратының құрылысы жүруде. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Жаңа қала» аумағын жаяу аралап, аталған ғимараттың құрылыс жұмыстарын көрді. Нысанның кірпіші қаланып, сыртқы инженерлік желілері толық жүргізілген. […]
Жетісай ауданында Әкелер күніне орай ерекше форматтағы тағылымды кездесу ұйымдастырылып, оған аудандық полиция қызметкерлері, «Әкелер мектебі» мүшелері, ардагерлер және қоғам белсенділері қатысты. Іс-шара аудандық «Асыл қазына – тең қоғам» қоғамдық мекемесінің бастамасымен өтті. Кездесудің басты […]
Түркістан облысында биыл «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 24 925 жаңа жұмыс орнын құрып, 12 462 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған. Бүгінге дейін 12 111 жаңа жұмыс орны ашылып, 10 739 азамат уақытша жұмыс […]
Пікір қалдыру