Өзге өңірлерге қарағанда жазы ыстық болатын Жетісай ауданында ауыз судың мәселесін шешу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Жетісай ауданында жеке қабылдауда және әлеуметтік желілерде тұрғындар тарапынан ауыз суға қатысты шағымдар мен ұсыныстар айтылып жатады. Осыған байланысты аудан әкімі Серік Мамытов ауданның ауыз су мәселесін оңтайлы шешу, тұрғындарды жүргізілген жаңа ауыз су жүйелеріне қосу жұмыстарын ұйымдастыруды жылдамдату мақсатында Жетісай қаласындағы ауыз мекемесінде болды.
Бұрынғы Кеңес одағы кезеңінде салынып, тозығы жеткен Жетісай қаласы ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2020 жылы аудандық бюджеттен бөлінген қаржылар есебінен қаланы сумен жабдықтау жүйесін қайта құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жалпы сметалық құны 3,1 млрд теңгені құрайтын жобаның құрылысына 2021 жылы республикалық бюджеттен 690,8 млн теңге қаржы қаралып, «СтройЖолСервис Kz» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілді.
Ал 2022 жылға республика қазынасынан тағы 1,4 млрд теңге, өткен жылға 506,8 млн теңге қаржылар қаралып, жобаға сәйкес қала ішіндегі тозығы жеткен 180 шақырым шойын су құбырлары полиэтилен құбырларға ауыстырылған. Ауыз су қораптары орнатылып, санитарлық қорғау аймағынан сыйымдылығы 2600 текше метр болатын жаңадан 2 дана таза су резервуары, насос станциясының құрылысы және жаңадан 1 дана ұңғыма қазу жұмыстары жүргізілген. Құрылыс-монтаж жұмыстары өткен жылдың желтоқсанында толығымен аяқталып, қолданысқа берілген. Бүгінде жергілікті тұрғындарды жаңа су жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде. Адам ас-ауқатсыз бірнеше күн өмір сүруі мүмкін, бірақ, сусыз өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан, тұтынушыға суды уақытылы, үздіксіз жеткізіп беріп отырыңыздар. Су есептегіш құралдары арқылы пайдаланылған ауыз суға ғана ақы алыңыздар, артық төлем жиналмасын. Осылайша рет-ретімен аудандағы барлық елді мекендердің ауыз су мәселесін шешетінін жеткізді.
Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы, «САНҰР» телерадиокомпаниясының негізін қалаушы, жеңіл атлетикадан спорт шебері, бүгінде телеарналар мен мерзімді басылымдардың тізгінін ұстап жүрген көптеген журналистердің ұстазы болған ардагер журналист Саржанов Тұрсынхан Құдайқұлұлын еске алуға арналған ересектер арасында кіші […]
Түркістан облысы Жетісай ауданындағы Қоғалы елдімекенінің тұрғындары төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне белсеніп көмектесіп жүр. Аталған ауылда 186 үй орналасқан. Мұнда 1400 тұрғын бар. Көршілес Мақтаарал ауданындағы су басып қалған ауылдар жайындағы хабарлардан кейін Қоғалының көп […]
Жетісай ауданында егістікке қажетті ағын су тапшылығын жоюға бағытталған жұмыстардың барысымен танысу мақсатында аудан басшысы Мамытов Серік Үсенұлы бүгін Абай ауылдық округіне қарасты Жүзімдік елді мекенінде орналасқан «Смайл» шаруа қожалығында болды. Тәуекелділігі жоғары ағын су […]
Пікір қалдыру