Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ташева Тамара Аханқызының 31.07.2024 жылғы №16Б/т санды бұйрығымен және Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің келісімімен Мейірбек Нұршарифиддин Нұрғазыұлы Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.
Жаңа басшыны ұжымға Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысы Алданиязов Есенкелді Әшірханұлы мен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ташева Тамара Аханқызы таныстырды.
«Жаңа басшы өздеріңізбен бірге аудандағы жастар саясатының дамуына, жастар арасындағы жұмыссыздық пен құқықбұзушылықтың төмендеуіне, табысты жас кәсіпкерлердің қатарының артуына күш салатын болады.
Мекеменің жоғары жетістіктерге жетуіне ұжым болып бірігіп күш салатындықтарыңызға сенімдімін» деген Есенкелді Әшірханұлы жаңа басшыға бірқатар міндеттерді жүктеді.
Мейірбек Нұршарифиддин Нұрғазыұлы 1998 жылы 30-сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында дүниеге келген.
05.09.2022 – 10.01.2023 жылдары Жетісай ауданы, Атамекен ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман-есепші қызметін уақытша атқарушы, 10.01.2023 – 26.09.2023 жылдары Атамекен ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман-есепші, 28.09.2023 жылдан бастап Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінде бас маман-есепші қызметін атқарып келген.
Жетісай ауданы – Түркістан облысының ауыл шаруашылығы бағытында қарқынды дамып келе жатқан жетекші өңірлерінің бірі. Суармалы жерлердің молдығы мен диқандардың тәжірибесі аудан экономикасының іргетасына айналған. Соңғы жылдары мемлекет қолдауы мен жеке инвестициялардың арқасында ауыл шаруашылығы […]
Түркістан облысы – еліміздің аграрлық әлеуеті жоғары, егін және бақша шаруашылығы дамыған өңірлерінің бірі. Әсіресе, оңтүстік өңірдегі Жетісай ауданы жыл сайын егістік көлемін арттырып, ерте өнім берумен ерекшеленіп келеді. Биыл жетісайлық диқандар 79,3 мың гектар […]
Жетісай ауданы әкімінің қала тұрғындарымен кездесулері мен жеке қабылдауларында айтылып, әлекметтік желілерде жиі жазылатын Жетісай қаласындағы Амангелді көшесіне асфальт төсеу, жеке тұрғын үй секторлары мен көппәтерлі тұрғын үйдің аулаларын су басуының алдын алу мақсатында арық-атыздарды […]
Пікір қалдыру