Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Түлкібас аудынына жұмыс сапарымен келіп, аудан аумағындағы өзі жетекшілік ететін мәдениет және спорт, ішкі саясат саласындағы өзекті мәселелермен танысты.
Бірінші кезекте облыс әкімінің орынбасары облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов және тиісті басқармалардың мамандарымен бірге ұлғайтуды қажет ететін Майтөбе ауылындағы балалар спорт мектебіне табан тіреді.
1995 жылы бой көтерген спорттық нысанда бүгінгі таңда футбол, баскетбол, волейбол және бокс үйірмелері ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуге ықпал етуде.
Нысанды аралау барысында аудан әкімі аталған спорт мектебінің жанынан футбол клубын ашу ұсынысын жеткізіп, оған қажетті сол маңда бос тұрған ғимараттарды қайта жаңғыртуға және футбол алаңын заман талабына сай етуге ықпал жасауын сұранды. Ертай Кенжебекұлы ұсынысты назарға алып, тиісті мамандармен жан-жақты зерделенетіндігін жеткізіп, демеушілер есебінен жүзеге асыру жағын да қарастыруды керектігін атап өтті.
Содан соң, облыс әкімінің орынбасары Түлкібас кентіне ат басын бұрып, ол жердегі мәдениет үйінің бүгінгі жағдайымен танысты. Өткен ғасырдың 1927 жылы бой көтерген ғимаратқа бүгінгі таңда ағымдағы жөндеу жұмыстары басталған. Бұл жерде ғимараттың шатыры жаңартылып, жылыту жүйесі және ішкі-кем кетіктері реттелмек.
Келесі кезекте облыс әкімінің орынбасары Жәрімбетов ауылындағы балалар спорт мектебінің ғимаратына барды. 2015 жылы бой көтерген ғимарат сыртқы келбетін және шатырын реттеуді қажет етеді. Оған биыл қажетті қаржы қарастырылып, қазіргі таңда сатып алу конкурсы арқылы мердігерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Ертай Кенжебекұлы аталған ғимаратты жауаптылармен бірге толық аралап шығып, ішіндегі біршама кем-кетік тұстарын реттеу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Бұдан бөлек, облыс әкімінің орынбасары іссапары барысында Шақпақ-баба ауылындағы тозығы жеткен балалар спорт мектебінде, Құлан ауылындағы апатты жағдайдағы мәдениет үйінде, орталық мешіт пен жастар ресурстық орталығында болып, жұмысымен танысты.
Аралау барысында өзінің жетекшілік ететін салаларына қатысты жауапты басшыларға біршама тапсырмалар жүктеп, оны шешу жолдары бойынша ұсыныстар беруді тапсырды.
Қазіргі таңда Түркістан қалалық орталық ауруханасына тұмаудың белгілерімен дәрігерлік көмекке азаматтар жиі жүгінуде. Науқастарда дене қызуының көтерілуі, жөтел және әлсіздік байқалған. Медициналық тексеру нәтижесінде науқастардан пневмония, яғни өкпенің қабынуы анықталды. Тексеру барысында науқастардан коронавирус […]
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жұмыс сапарымен Сауран ауданына барды. Ең алдымен ауданға қарасты Шорнақ елді мекеніндегі «Қамқорлық орталығына» барып, аудандық үкіметтік емес ұйымның жұмысымен танысты. Онда зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, ауданды дамыту бағытында […]
Арыс қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында қаламызда орналасқан тұңғыш тұқымбақ аумағы айтарлықтай ұлғайып, бүгінде мұнда 100 мыңнан астам көшет өсірілуде. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тікелей бастамасымен құрылған тұқымбақтың аумағы қазіргі таңда 1 гектарға жуықтады. Мұнда […]
Пікір қалдыру