Түркістан облысында мақта кластерін дамыту бағытында жұмыс жүріп жатыр. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды Сауран ауданындағы «Казтекс» ЖШС-нің мақта өңдеу зауытын дамыту барысымен танысты. Аталған зауытты салу, жаңа технологиямен қамту жобасы биыл басталған. Түркиядан инвестиция тартылған.
Жобаның құны –1500,0 млн. тенге, қуаттылығы – жылына 10 мың тонна мақта өңдеу. Маусымдық кезеңдерде 150 адам жұмыспен қамтылса, 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
– Мақта кластерін дамыту – маңызды іс. Жаңа технологияларды ендіру керек. Іс бастаймын, цех, зауыт ашамын дейтін азаматтарға қолдау көрсетіледі. Өңірде шығатын мақтаны өзіміз өңдеп, шаруалардың табысын арттыруымыз керек, – деген Дархан Сатыбалды жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.
Жоба басшысы Туражан Саидовтың айтуынша, аталған ЖШС ұзақ жылдардан бері мақта шаруашылығымен айналысып келеді. Кейін шетелдегі серіктестері тарапынан заманауи мақта өңдеу зауытын салу туралы ұсыныс түскен. Түркиядан арнайы құрылғылар, мақта өңдейтін машиналар әкелінген. Бұлардың ерекшелігі – электр қуатын үнемдейді әрі мақта талшығын сапалы етіп шығарады. Сауран ауданында бұрын-соңды болмаған құрылғылар сатып алынған. Бұл зауыт қыркүйекте ашылып, шаруалардың мақталарын қабылдайды деп күтіліп отыр. Ал 2025-2026 жылдары аталған зауыттың қасынан шитті өңдеп, май шығаратын цех ашу жоспарға енгізілген.
Соңғы жылдары су тапшылығының әсерінен суармалы жерлердегі жер асты суларының көтерілуі, минералданудың жоғарылауы, жердің сорлану деңгейінің күшеюі байқалуда. Бұл өз кезегінде суармалы жерлердегі ауылшаруашылық өнімдерінің әр гектарынан алынатын шығымдылық деңгейін төмендетті. Әлбетте, мемлекеттің қолдауымен өңірдің суармалы жерлерінің мелиорациялық жағдайын ретке келтіруге біршама жұмыс қолға алынған.
Мақта шаруашылығы негізінен Мырзашөл өңірінде шоғырланған. Бүгінгі таңда жаңа техникалар мен озы технологиялардың арқасында оңтүстіктің басқа да өңірлерінде қарқын алып келеді.
Биыл Түркістан облысы шет елдермен түрлі келіссөздер жүргізіп, өңірдің экономикасының дамуына үлес қосатын кәсіпорындардың көптеп ашылуына жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жақында ғана облыстан жиналған деллегация Қытайға іс сапармен барғанын жазған едік. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының […]
Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтың нұсқауына сәйкес, өңір аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді профилактикалық іс-шаралар қарқынды жүргізіліп жатыр. Іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, азаматтардың өмірі […]
Дәрі-дәрмек жетіспеушілігін жою мақсатында Өзбекстан Республикасынан 500 млн. теңгеге індетке қарсы препараттар сатып алынды. Тиісті дәрілер дәріхана сөрелеріне жақын күндері түседі. Дәрілер шекті бағаны сақтай отырып сатылатын болады. Бұл туралы Өмірзақ Шөкеев облыстық өңірлік […]
Пікір қалдыру