Түркістан облысының 70-ке жуық тұрғыны солтүстік өңірлерге аттанды. Мақсат — жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару. Түркістандықтардың ішінде солтүстік өңірде тұрақтап, жұмыс істеу үшін түбегейлі шешім қабылдаған тұрғындар да жетерлік. Солтүстікке қоныс аударуды қолдайтын мемлекеттік бағдарлама қолға алынған 3 жылдың ішінде өңірден 700-ден астам отбасы көшіп барған. Былтырдың өзінде 500-ге жуық отбасы жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аударған.
Қоныс аударушыларға мемлекеттен қолдау зор. Түркістан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Тұрар Құдайбергеновтің мәліметінше, бағдарлама қатысушыларына тұрғын үйді жалдау мен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындары да төленеді. Сондай-ақ, әрбір отбасы мүшесіне бір реттік 35 АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі. Мамандардың айтуынша, қазір солтүстік өңірлерінде 3 мыңнан аса бос жұмыс орны бар. Қоныс аударушылар санының жылдан-жылға өсіп келе жатқандықтан теріскей өңірі тұрғын үй құрылысына да қарқын беріп отыр.
Айта кетейік, жыл соңына дейін облыстан еңбек күші тапшы өңірлерге 1500-ден асатын мүшесі бар 400 отбасы қоныс аударады деп күтілуде. Қазір салаға жауаптылар солтүстікке көш бойынша ауылдық елдімекендерде насихат жұмыстарын жүргізуде.
Мақтаарал ауданында 9-қазандағы жағдай бойынша аудандық «Ветеринариялық қызметі» тарапынан 24944 құсқа вакцина егу жұмыстары жасалған. Оның ішінде 17730 тауық, 860 үйрек, 547 қаз және 5807 үндік бар. Жалпы ауданда 65199 құс тіркелген болса, қазіргі […]
Түркістан облысында инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашуға басымдық берілген. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына жұмыс сапарында осы саладағы бастамаларды тағы бір пысықтады. Нақты айтсақ, ауданда екі өндірістік аймақ құрылады және «Бадам» индустриалды аймағы 50 […]
Президент Ордабасы ауданында «JNRAY Group» серіктестігі биыл іске қосқан тігін фабрикасының жұмысымен танысты. Аумағы 6 мың шаршы метр болатын жеңіл өнеркәсіп нысанын ашуға мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасы аясында 1,4 миллиард теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілген. Қасым-Жомарт […]
Пікір қалдыру