Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлау 9 маусымда өтетінін мәлімдеді, — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
Бұл жайлы мемлекет басшысы республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арнаған мәлімдемеcінде айтты.
«Бүгін елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды Үндеу жариялап отырмын. Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым. Мен бұл жауапты шешім бойынша Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен ақылдастым. Парламенттің қос палата спикерімен, Премьер-Министрмен кеңестім. Конституциялық Кеңестің келісіміне жүгіндім. Парламенттегі партия жетекшілерімен кездестім. Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау – өте маңызды әрі қажетті қадам», — деді Мемлекет басшысы.
Пікір қалдыру