Сайрам ауданында Түркістан облысының бірқатар өндіріс орны шоғырланған. Ауданға жұмыс сапарымен барған Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды «TAYIBA» сүт өңдеу зауытының жай-күйімен танысты.
Бұл зауыт бастапқыда үй жанындағы шағын цех ретінде ашылып, сүттен 5 түрлі ғана өнім шығарып жүрген. Кейін кәсіпорын иесі цехты кеңейтуді қолға алған. Ақсукент ауыл округіндегі кәсіпорын кеңейтіліп, жаңа құрал-жабдықтармен қамтылып, биыл шілде айында іске қосылған. 50 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын бұрын күніне 10 тоннаға дейін сүт өнімдерін шығарған. Бүгінде әлеуеті көтерілді. Сұраныс болса, тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өңдей алады. Қазіргі таңда мұнда сүт өнімдерінің 10-12 түрін шығарылуда. Айран түрлері мен қаймаққа, құртқа сары май және өзге де өнім түрлері қосылған. Өндірістегі барлық құрылғылар мен құрал-жабдықтар Ресей, Қытай және Түркия мемлекетінен жеткізілген. Шикізат жергілікті шаруалар және фермерлерден және аудан тұрғындарынан жиналып алынады. Дайын өнімді ішкі нарыққа өткізеді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Өндірістің барлық кезеңдері автоматтандырылған жүйелер мен заманауи жабдықтардың көмегімен бақыланады. Өндірісте сүтті қайнатып, өңдейтін вакуумдық цифрландырылған құрылғы қойылған. Өнімдер мұздатқыш камераларда сақталады.
Өңір басшысы осындай зауыттар мен цехтарды көбейтіп, ауылдарды осы зауыттарға шикізат жеткізуге мамандандыру қажет екенін айтты.
– «Ауыл аманаты» және өзге де қолдау тетіктері бар. Тұрғындарға түсіндіріп, көмектескен жөн. Сүтті, етті, көкөніс пен жемісті терең өңдейтін зауыттар көп болса, өңірдің өндірістік әлеуеті көтеріледі. Екіншіден, аулы тұрғындары да өз өнімдерін тиімді бағада өткізе алады, – деген Дархан Сатыбалды жауаптыларға терең өңдеуге бейімделген кәсіпорындар ашуға басымдық беруді тапсырды.
Айта кетейік Сайрамда сүт өнімдерін шығаратын өзге де кәсіпорындар бар.«Сайрам-Сүт» ЖШС 2004 жылдан бастап ашытылған сүт өнімдерін шығарады. Бұл Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам аймағындағы ең ірі сүт өндіретін кәсіпорындардың бірі, жақсы материалдық-техникалық базасы және озық технологиясы бар.
Осы уақыт аралығында «Сайрам-Сүт» ЖШС өнімдері тұтынушыларымыздың сеніміне ие болды. Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам және Түлкібас аудандарынан сатып алынған заманауи өндіріс технологиясы, табиғи шикізат (сүт) бүгінде бізге жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беріп отыр.
Ауданның бетке тұтар кәсіпорындарының бірі сүт, айран, қаймақ, ірімшік секілді жоғары сапалы сүт өнімдерін еліміздің түкпір-түкпіріне экспорттауды көздейді.
Түркістан облысы Сайрам ауданынан Байпановтар отбасы «OTAUFEST» фестивалінде жеңімпаз атанды. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму» министрлігінің қолдауымен Түркістан қаласында «ОTAUFEST» жас отбасылар фестивалі өтті. Фестивальдің мақсаты — жастар арасында отбасы институтын және отбасылық құндылықтарды нығайтуға […]
Түркістан облысында соңғы жылдары көпқабатты тұрғын үйлер салу қарқынды жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңадан салынып жатқан құрылыс жұмыстарын жаяу аралады. Салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайымен танысты. Құрылысына жауапты мердігер компаниялардың басшыларымен тілдесіп, […]
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев Халықаралық қарттар күніне орай облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов бастаған бір топ аға ұрпақ өкілдерімен кездесіп, құрмет көрсетті. Айтулы мерекемен құттықтап, алғысын білдірді. Елімізде жыл сайын аға […]
Пікір қалдыру