Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласысының бас жоспарын дамыту мақсатында облыс маслихат депутаты Ж.Сүлейменов және жобалаушы мекеме «Даулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас инженері С. Қуанышбаевпен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу жұмыстары бойынша талқыланды.
Мұнан соң, аудан әкімі Арман Айдарұлы аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан әкімінің жеке қабылдауына алдын ала жазылған 19 тұрғынның өтініштері қаралды.
Қабылдауға келген тұрғындар жұмыспен қамту, тұрғын үй беру, асфалт төсеу, жер, әлеуметтік және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, заңнама аясында тиісті жауаптарын беріп, айтылған өтініштерге сәйкес, тез арада және кезең-кезеңімен шешімін табатын мәселелер бойынша тиісті бөлім басшыларына, қала және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Сонымен қатар, аудан басшысы Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округіне арнайы іс-сапармен барып, кеден бекеті маңындағы абаттандыру жұмыстарын бақылап қайтты.
Жібек жолы елді мекенінде орналасқан «Жібек жолы» кеден бекетінің алдына «Керуен» кіші архитектуралық нысанының құрылысы жүргізілуде. Аталған құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда.
Аудан басшысы ауылдық округ әкіміне ауданның көркі ретінде салынып жатқан абаттандыру нысанын сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Сонымен қатар, аудан әкімі Дихан баба елді мекеніндегі тігін цехының жұмыстарымен де танысты. Жергілікті тұрғын М.Усенбаев «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеңлдетілген несие алып өзінің тігін цехын кеңейтіп отыр. Аталған тігін цехында ескі маталарды арнайы қондырғы арқылы өңдеп көрпе, жастықтарға шикізат ретінде пайдалануда. Бүгінгі таңда М.Усенбаев тігін цехында 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Шалғайда орналасқан елдімекендердің барлығына ауыз су тарту мәселесі аудан әкімі Арман Абдуллаевтың тікелей назарында. Ауданда ауыз су мәселесі жыл өткен сайын оң шешімін тауып келеді. Елдімекендерге су құбырын тарту жұмыстары жылдан-жылға артуда. Осы тұста, бүгін […]
Шардара ауданына «Agriqa Asia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен бірлескен Жапония елінің «Marubeni Protechs Corporation» компаниясының өкілі Сода Анаму мырза келіп, аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Бауыржан Шомпиевтың қабылдауында болып, бірқатар тың жобалар талқыланды. Айта кету […]
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков керамогранит зауытын салып жатқан шетелдік инвесторлармен кездесті. Инвестициялық жоба Орта Азия елдерін сапалы құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге бағытталған. «Жұлдыз» индустриалды аймағындағы 32 гектар аумақта салынып жатқан кәсіпорын ғимаратының құрылысы 30 % […]
Пікір қалдыру