Сарыағаш ауданы экономикасына инвестиция тарту мақсатында аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кезекті инвестиция штабының отырысы өтті. Жиынға жер қатынастары және ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдері қатысты.
Жиында ауданға инвесторлар тарту бағытындағы атқарылатын жұмыстардың жол картасымен бекітілген жобалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және өзекті мәселелер талқыланды.
Аудан басшысы Арман Абдуллаев салаға жауапты мекеме басшылары мен инвесторларға инвестициялық жобаларды бекітілген мерзімінде жүзеге асыруын жүктеді.
Мұнан соң аудан басшысы 2024 жылғы жаңа оқу жылына дайындық аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Жартытөбе ауылдық округінде орналасқан №35 Б.Гафуров атындағы жалпы білім беретін мектебіне сонымен қатар, Дербісек ауылдық округіндегі №22 Елшібек батыр атындағы жалпы білім беретін мектептеріне арнайы барып, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Қазіргі таңда күрделі жөндеуден өтіп жатқан Жартытөбе ауылдық округіндегі №35 Б.Ғафуров атындағы мектепте, сонымен қатар Дербісек ауылдық округінде орналасқан №22 Елшібек батыр атындағы мектепте мердігер мекеме тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстары 80-85% орындалған.
Білім ордасының жаңа оқу жылына дайындығын пысықтаған аудан әкімі күні бүгінге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарын саралай келе құрылыс жұмыстарын сапалы аяқтап, жаңа оқу жылына дейін барлық шаруа мүлтіксіз орындалуы керектігін атап өтті.
Шардара ауданына жыл соңына дейін 10 миллиард теңгенің инвестициясын тарту жоспарланып отыр. Бұл қомақты қаржыға 15 жоба жүзеге асырылады екен. Олардың ішінде ең ірісі «Казкрахмал» ЖШС-нің жүгері зауыты болмақ. Құны 7 миллиардты құрайтын өндіріс орнында […]
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Ташқұлақ елді мекенінде орналасқан «Ақниет» суды тазалау және айдау станциясында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Айта кетсек, аталған станция суды тазалап, Ақниет елді мекенінде орналасқан 2 ауыз су қоймасына (500м3) […]
Түркістан облысының басшылығы «KITA» қауымдастығының құрамындағы компаниялардың Түркістан облысында бизнесті дамыту жөніндегі бастамаларына толық қолдау көрсетуге дайын. Бұл жөнінде облыс әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. Кореяның ең алпауыт компанияларының басын біріктіріп отырған KITA қауымдастығының төрағасымен Түркістан […]
Пікір қалдыру