Жетісайда 1 қыркүйек – «Білім күні» мерекесіне арналған мереклік шара өтіп, алғашқы қоңырау соғылды. Мерекелік шараға аудан әкімі Серік Мамытов пен аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Шоқан Адайдеков Асықата кентіндегі «Қайнар» мектеп-гимназиясында өткен салтанатты жиынға қатысып, ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды айтулы мерекемен құттықтады.
«Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін білім ұяларының табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді мейіріммен, үлкен дайындықпен қарсы алады. 1-қыркүйек айтулы мереке ғана емес, бұл еліміздің болашағы үшін жауапты кезең бастамасы. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге әрбір бүлдіршіннің жеке тұлға ретінде қалыптасу кезеңі басталады.
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге жақсы көңіл-күй, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс, мықты денсаулық пен жаңа бастамаларыңызға тек қана сәттілік тілеймін!» деді аудан басшысы.
Айта кетейік, өткен оқу жылында аудан мектептерін тәмамдаған 4 мыңға тарта 1-сынып бүлдіршіндерінің 77-сі, 3940 9-сынып бітіргендердің 93-і, 11-сыныпты аяқтаған 3060 бітірушінің 64-і «Қайнар» мектеп-гимназиясында білім алған. Одан бөлек, «Үздік аттестат» алған 246 бітірушінің 6-ы, 190 «Алтын белгі» иегерлерінің 9-ы осы мектептің түлектері.
Жаңа оқу жылында аудан бойынша 4215 бала мектеп табалдырығын аттап, 3295 бүлдіршін мектепалды дайындық топтарына келсе, өткен оқу жылының рейтингі бойынша көш бастаған «Қайнар» мектеп-гимназиясында 100 асықаталық бүлдіршін 1-сыныпқа қабылданған.
Жетісай қаласының 55 жылдығы мен «АLTYN KÚZ – 2024» мерекелік іс-шаралары аясында Жетісай қаласындағы «Жеңіс» алаңында ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлерінің өндірген өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі болып өтті. Биылғы жылдың 9 айында жалпы өңірлік өнім […]
Түркістан облысы – еліміздің аграрлық әлеуеті жоғары, егін және бақша шаруашылығы дамыған өңірлерінің бірі. Әсіресе, оңтүстік өңірдегі Жетісай ауданы жыл сайын егістік көлемін арттырып, ерте өнім берумен ерекшеленіп келеді. Биыл жетісайлық диқандар 79,3 мың гектар […]
80 мың гектарға жуық суармалы жері бар Жетісай ауданында биылғы жылы 40,8 мың гектарға жуық жерге мақта, 19,7 мың гектар жерге бақша, 3,4 мың гектар жерге көкөніс, 7,3 мың гектар жерге дәндік жүгері мен 6,6 […]
Пікір қалдыру