Бала үшін мектеп үлкен өмірге алып кірер киелі босаға болса, ата-ана үшін ол ұрпағына қатысты ең асыл арманына үміт жалғайтын қасиетті ұғым. Сондықтан да халқымыз қашан да білімнің парқын түсіне білген. Жылдағы дәстүрге сай 1 қыркүйек – «Білім күні» мерекесінде Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Шоқан Адайдеков Асықата кентіндегі «Қайнар» мектеп-гимназиясында өткен салтанатты жиынға қатысып, ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды айтулы мерекемен құттықтады.
«Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін білім ұяларының табалдырығын имене аттаған бүлдіршіндерді мейіріммен, үлкен дайындықпен қарсы алады. 1-қыркүйек айтулы мереке ғана емес, бұл еліміздің болашағы үшін жауапты кезең бастамасы. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге әрбір бүлдіршіннің жеке тұлға ретінде қалыптасу кезеңі басталады.
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге жақсы көңіл-күй, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс, мықты денсаулық пен жаңа бастамаларыңызға тек қана сәттілік тілеймін!» деді аудан басшысы.
Салтанатты шарада Шоқан Адайбеков те оқушылар мен мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге жақсы білім мен тәрбие алуларына, еліміздің үлгілі азаматтары болып қалыптасуларына тілектестік білдірді.
Айта кетейік, өткен оқу жылында аудан мектептерін тәмамдаған 4 мыңға тарта 1-сынып бүлдіршіндерінің 77-сі, 3940 9-сынып бітіргендердің 93-і, 11-сыныпты аяқтаған 3060 бітірушінің 64-і «Қайнар» мектеп-гимназиясында білім алған. Одан бөлек, «Үздік аттестат» алған 246 бітірушінің 6-ы, 190 «Алтын белгі» иегерлерінің 9-ы осы мектептің түлектері.
Жаңа оқу жылында аудан бойынша 4215 бала мектеп табалдырығын аттап, 3295 бүлдіршін мектепалды дайындық топтарына келсе, өткен оқу жылының рейтингі бойынша көш бастаған «Қайнар» мектеп-гимназиясында 100 асықаталық бүлдіршін 1-сыныпқа қабылданған.
2024 жылдың 21 қыркүйек күні Қызылқұм ауылдық округінде орналасқан №250 учаскелік референдум комиссиясының бастамасымен Қызылқұм, Абай, Мақталы, Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты учаскелік референдум комиссия мүшелерінің қатысуымен семинар трениг өткізілді. Семинарға 110-ге жуық комиссия мүшелері қатысты. […]
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында аудан аумағындағы қала, кент, ауылдық округтерді аралап, халықпен кездесулерімді жалғастырудамын. Кезекті кездесу Ынтымақ ауылдық округінде өтті. Бұған дейін тұрғындар тарапынан көтерілген 11 мәселенің 3-і нақты шешімін […]
Жетісай ауданына қарасты Атамекен ауылдық округіндегі «Павел» шаруа қожалығы өзінің иелігіндегі 9 гектар егістікке 20 жылдан бері бақша дақылдарын егіп келеді. Биылғы жылы да қарбыздың ерекше күтімді қажет ететін «Виктория» сортын сәуір айының басында еккен. […]
Пікір қалдыру