Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов Жетісай қаласындағы бірнеше кәсіпкерлік нысандар мен Қазыбек би ауылдық округінде кәсіпкердің жеке қаржысы есебінен құрылысы басталып жатқан 16 пәтерлі тұрғын үйдің, Ж.Ералиев ауылдық округіндегі «Ауыл аманаты» жобасы аясында қаражат алып, жылыжай жұмысын жандандырып отырған кәсіпкердің жұмысымен танысты.
Алғашқы барған нысан Жетісай қаласындағы Қадыровтардың отбасылық матрац шығару шағын цехы болды. Бүгінде 4 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отырған Бауыржан Қадыров күніне 4-5 матрац, айына тапсырысқа қарай 150 данаға дейін өнім шығаруға қауқарлы. Қазіргі таңда өндірген өнімдерін аудан аумағындағы жиһаз жасау орындарына өткізуде.
Келесі нысан дәнекерлеу цехы болды. Мұнда қолынан іс келетін 8 ұста темір бұйымдарының кез-келген түрін жасаса, «Нұрлы Әлем» орталығында заманауи ішкі есіктер өндірілуде. Мұнда есіктердің көлемі мен бағасы, дизайны тапсырыс берушінің талғамына қарай шығарылады.
Сондай-ақ, Қазыбек би ауылдық округінде жеке кәсіпкердің қаржысы есебінен құрылысы басталған тұрғын үй нысанының және Ж.Ералиев ауылдық округіндегі жылыжай жұмысымен танысты. Қысқы мерзімде көшет өндіріп, жазда болгар бұрышын, үйіргелік жеріне баклажан өсірумен айналысатын шаруа «Ауыл аманаты» жобасымен былтыр 6 млн теңге несие алған. Бүгінде өндірілген өнімдерін жергілікті базарлар мен көршілес аудандарда саудалауда. Осылайша жылыжай ісін жандандыру арқылы отбасылық кәсіпті дамытып, табыстарын арттырып отыр.
Жетісай ауданында мақта сапасын арттыру мақсатында биыл жаңа тәсілмен мақта егілді. Шетелдік тәжірибе негізінде қолға алынған жаңа су үнемдеу технологиясы өз тиімділігін көрсетіп отыр. Шаруалардың айтуынша, алғашқы нәтижесі таңқаларлық жетістік беріп отыр. Жаңа су үнемдеу […]
Жетісай ауданында тұрғындар арасында дене шынықтыру мен спорт саласын кеңінен насихаттап, бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлуінің нәтижесінде жер-жерлерде спорт нысандары бой көтеріп, спортты жанына серік етушідердің де саны күн санап артып келеді. Қимыл-қозғалыстың тездігі, […]
«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестиваль аясында Түркістан қаласында өтетін Жетісай ауданының мәдениет күндері басталды. Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен Жетісай көшінің шымылдығы «Этноауыл» аумағында аудан суретшілері мен қолөнер шеберлерінің, […]
Пікір қалдыру