Мақтааралдан қыстық, жаздық аяқ киімдер шығып жатыр

Мақтаарал ауданы, Ералиев ауылдық округінде орналасқан «Хаят Р.У.Ж.» ЖШС-і  2014-ші жылы құрылған. Өндіріс орнында қыстық, жаздық аяқ киімнің сан түрі бар. Сапасы жоғары, бағасы да қолжетімді. Былғары, резеңке сүйретпелердің барлығы Мақтаралдан шығады. Бір сөзбен айтқанда Мырзашөл кәсіпкерлері өзіміздің өнімді өркендетіп отыр.  Ералиев ауыл округінде орналасқан фабриканың жалпы құны — 675 миллион теңгені құрайды.  Басында қытайлық жабдықтармен қамтылған кәсіпорын 2017-ші жылы түркиялық құралдармен жаңартылыпты. Серіктестік бұл күнде жылына 1 миллион жұп қыстық, жаздық аяқ киім шығарады.

«Жұмысшылар бір кезеңде 6 мың жұп аяқ киім шығарады. Шикізат Италиядан келеді, түріктерден де алатынымыз бар. Мына құрылғыда бір уақытта 18 адам жұмыс істейді» дейді «Хаят Р.У.Ж.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ұлықбек Раджанов.

Кәсіпорында 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл жобаға «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында мемлекет инфрақұрылымын жасап берген. Сонымен қатар, кәсіпорінға жұмсалған  шығынның 100 млн. теңгесін жеңілдетілген несие ретінде үкімет беріпті.  Бағдарлама серпін берген серіктестік алдағы уақытта жақын шетелдердің нарығына шығуға ниетті.

суреттер Ғабит Сапарбековтың «фэйсбук» парақшасынан алынды

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*