Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімовтың төрағалығымен өткен жиынға прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және басқа да бақылау-қадағалау органдарының, кәсіпкерлер палатасының, салалық басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, кәсіпкерлер қатысты.
Қала басшысының орынбасары жыл сайын өткізілетін ауқымды жиынның мақсаты – ҚР заң талаптары бұзылуының алдын алу, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру екеніне тоқталды.
«ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жылына бір рет Бірыңғай есеп күні өткізіледі. Былтырғы кездесуде айтылған ұсыныстар жүзеге асырылуда. Мұндағы мақсатымыз – ҚР заң талаптарын бұзудың алдын алу, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру. Және мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастық арасындағы байланысты нығайтады», – деді Айдын Мейрамбекұлы.
Жиын барысында мемлекеттік органдардың басшылары 8 айда атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасап, кәсіпкерлер тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді.
Шымкент қалалық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сапарбек Ешанқұлов тиісті жұмыстар нәтижесінде ашықтыққа ұмтылған кәсіпкерлер саны артқанын айтып, нәтижесінде бюджетке түсімдер көбейгеніне тоқталды.
«Өздеріңізге белгілі, жыл басынан бері жан-жақты жұмыс жүргізу нәтижесінде Шымкент қаласының бөлшек салық мөлшерлемесі 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетілді. Оған қоса өзін өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимін қолдану жеңілдетілді. Сонымен қоса салық берешегін мәжбүрлеп өндіру барысына өзгеріс енгізілді», – деді Сапарбек Ешанқұлов.
Қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов бөлшек салық мөшлермемесінің екі есеге төмендегені бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуді ұсынды.
В Шымкенте состоялось торжественное открытие нового учебного корпуса военного колледжа имени генерала Сабыра Рахимова. В мероприятии приняли участие министр обороны Республики Казахстан, авиационный генерал-лейтенант Даурен Жуматаевич Косанов, а также аким города Шымкента Габит Сыздықбеков. Колледж […]
Шымкент қаласында «Бір нүктелік» іс-шарасы аясында Патрульдік полиция полкі командирі жеке құрамға арнайы үндеу жасады. Бұл жиынның негізгі мақсаты – тәртіп сақшыларының қызметтік міндеттерін мінсіз орындауын қамтамасыз ету, қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейту және заң мен […]
Шымкент қаласының Еңбекші ауданында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жаңа технологиялық шешім енгізілді. «Қолжетімді полиция» концепциясы аясында аудандағы халық көп шоғырланатын алты орынға арнайы «SOS батырмалары» орнатылып, олар Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына […]
Пікір қалдыру