Елімізде қыркүйектің үшінші жексенбісі — «Еңбек күні» мерекесі . Мақсат – Мемлекет басшысының жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру жөніндегі идеясын жүзеге асыру, өнімді еңбекті ынталандыру.
Бүгін Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастырыуымен «Еңбек күні» мерекесі аясында «Адал еңбек – адам көркі»атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Арбат алаңында өткен жәрмеңкеге қала аумағындағы мемлекеттік және жекеменшік 100-ден астам жұмыс берушіден 4 534 бос жұмыс орны ұсынылды. Оның ішінде 2 764 орын тұрақты, 1 770 орын «Жастар практикасы» бағдарламасына арналған.
Мерекелік іс-шараға қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қатысып, өндіріс орындары мен білім беру салаларындағы еңбек озаттарын марапаттады.
Іс-шара барысында Еңбек мобильділігі орталығының мамандары Еңбек.кз электрондық порталы ұсынған жұмыс орындарын халыққа таныстырды.
Биыл қалада 30 207 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланып, осыған дейін 23 691 адам қатысты. Жоспар 78,4% орындалды.
Атап айтқанда 2 426 адам http://xn--nbek-u4d.kz/ порталы талап етілген дағдыға онлайн оқыса, 3 228 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік білімін жетілдіріп, 428 адамға комиссияның шешімімен қайтарымсыз грант бекітілді.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 6 639 адам жолданса, қаладағы тұрақты бос жұмыс орындарына 10 970 адам орналастырылды.
Жәрмеңке арқылы 335 адам тұрақты жұмыс орнына, 106 жас «Жастар практикасы» бағдарламасымен жолдама алса, 139 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды. Одан бөлек, 65 тұрғынға қайтарымсыз грант, 18 адамға өңіраралық көші-қон жөнінде мамандардан кеңес алды.
В Шымкенте сотрудники полиции проводят масштабную информационно-разъяснительную кампанию среди населения. Причиной стало вступление в силу с 12 июля новой законодательной нормы, которая запрещает ношение одежды, полностью закрывающей черты лица и затрудняющей идентификацию человека в общественных […]
Шымкенттегі 4 су қоймасында су мөлшері қалыпты. Қала аумағында орналасқан су қоймаларынан келер қауіп жоқ. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің төрағалығымен өткен аппарат отырысында айтылды. Жиында қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков […]
Бүгін Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мәслихат депутаттарымен бірге «Бал текстиль» ЖШС-нің кілем өнеркәсіп ұжымын еңбек күні мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, ұжымда тынбай еңбек етіп жүрген еңбекқор, іскер техник-электрик Икрамжан Әлімжанұлы Мадазовты, техника қауіпсіздігі және […]
Пікір қалдыру