Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен сегізінші шақырылымдағы қала мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті. Күн тәртібінде 2024 – 2026 жылдарға арналған қала бюджетін нақтылау, абаттандыру мәселелері қаралды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Е.Есқараев бірінші мәселе бойынша баяндама жасады.
Қала бюджетін нақтылау барысында бюджет көлемін 30 млрд теңгеге ұлғайту ұсынылды. Бірінші кезекте халықтың өзекті мәселелерін шешетін шығындарға басымдық берілді. Жалпы нақтылау нәтижесінде, мегаполис бюджетінің көлемі қазіргі 735 млрд теңгеден 764 млрд теңгеге дейін артатын болады.
Жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ә. Оңғар қала аумағын абаттандыру бойынша экологиялық қолайлы және тартымды орта құру бағытындағы жұмыстардың қағидасын бекітуді ұсынды. Депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, маңызды шешімдер қабылданды.
Сессия соңында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мәслихат депутаттарын өзекті мәселелерді шешуде азаматтармен кездесіп, бұл бағыттағы жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды.
Әл-Фараби ауданының «Көл» аумағында тұрғындардың өмір сапасын арттыру, балалардың қауіпсіз әрі жайлы жерде өсіп-жетілуі үшін маңызды қадам жасалды. Аудан әкімі Рашид Мыңбаевтың бастамасымен және «EL-KZ 2020» ЖШС демеушілігімен 10-нан астам балалар ойын элементтері мен тренажерлерден […]
Шымкент қаласының Мамандандырылған ХҚО аумағында, автокөлік базарлары, автокөлік сататын дүкендер және адамдар көп жиналатын орындарда «Қалтаңыздағы ХҚО» акциясы басталды. Шара барысында Egov.kz жаңа мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар шымкенттіктерге Mgov.kz, телеграмдағы EgovKzBot туралы нұсқаулық буклеттер таратылды. […]
Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Кемелұлы «Елімізді таза ұстау, көгалдандыру, абаттандыру – мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл — бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бірреттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. […]
Пікір қалдыру