Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» бөлімі басшысының мәлімдеуінше, жалпы Түркістан қаласында 22 көлік бағытында 194 автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді. Олардың 16 бағыты бойынша «Жолаушы» ЖШС, 6 бағытына «ТехПроАвто» ЖШС жауапты.
Автобустардағы жол жүру ақысы «AlemPay» электронды картасы арқылы 70 теңгені құрайды. Мектеп оқушылары дәл осы электронды карта арқылы жол ақысының 50%-ын ғана төлей алады. Яғни 7 жастан 18 жасқа дейінгі мектеп оқушылары карта арқылы автобус жол ақысының жартысын ғана төлеу мүмкіндігіне ие.
«AlemРay» төлем карталарын Түркістан қаласындағы «Қуаныш» базары аялдамасынан және «Қуаныш» базары кеңсе тауарлары павильонындағы (№52) сауда нүктелерінен алуға болады. Картаны банк қосымшалары немесе Киви терминалы арқылы толтырып, дайын картаны 2505 нөміріне тіркеп, жол ақысын төлейді.
— «Кешеден бері сектор тұрғындарымен кездесуді бастадым. Кездесуде негізгі көтерілген мәселелердің дені осы қоғамдық көлікке қатысты. Сондықтан да «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» бөлімінің жұмысымен танысқым келді. Алдағы уақытта автобустарға байланысты шағымдар ескерілсін. Жолаушыларға жағдай жасау сіздердің міндеттеріңіз»,-деді Әзімбек Пазылбекұлы мәжілісте.
Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында «Кедергісіз келешек» жобасы аясында балаларға арналған «Тең мүмкіндіктер» атты инклюзиялық спорт фестивалі басталды. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған фестивальге 5 ауданнан және Түркістан, Кентау қалаларынан 102 бала 12 команда қатысып, спорттың […]
Түркістан қаласындағы «Толағай» бөбекжай-балабақшасында қаладағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілерімен кезекті жұмыс мәжілісі өтті. Іс-шараға Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Бақытжан Нұрмаханбетұлы Төлімбет арнайы қатысып, жаңа оқу жылына дайындық және ағымдағы оқу жылының қорытындылары […]
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен ашылған «Жастар» саябағы заманауи талаптар мен қала тұрғындарының сұраныстарына толық сай келетіні қуантады. Жалпы соңғы жылдары Түркістан қаласының келбеті күрделі өзгерістерге ұшырап, тарихи және мәдени мұраларды сақтай отырып, жаңа […]
Пікір қалдыру