Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» футбол командасы елішілік бәйгеде жетістікпен оралды.
Ұлы Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы шағын футболдан өткен ҚР чемпионатында клубтың футбол командасы 3-орынды иеленді.
Орал қаласында өткен жарыста
Қазақстанның 13 облысы,6 ауданынан жиналған спортшылар бақ сынасты.
Бүгін спортшыларды күтіп алу шарасына қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Динара Жіпсібаева, қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының директоры Нұрланәлі Сыздықов қатысты.
Жеңіспен оралған жерлестерімізге Динара Жіпсібаева жылы лебізін арнап, Нұрланәлі Сыздықов арнайы құттықтауын жеткізді.
Пікір қалдыру