Келес ауданындағы Бірлік ауылында 45 орындық дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Бұл ғимарат кең әрі ыңғайлы болмақ. Қазіргі таңда ғимараттың іргетасы құйылып, қабырғалары тұрғызылуда. Түркістан облысының құрылыс басқармасының тапсырысымен жүзеге асып жатқан құрылыс жұмысына бюджеттен 305 миллион теңге бөлінген. Нысанның негізгі міндеті — аурушаңдықтың, тұрғындар арасындағы өлім-жітімнің алдын алу және төмендету бойынша профилактикалық іс-шараларды жүргізу, ауруларды ерте анықтау, науқастарды уақытылы медициналық тексеруден өткізу.
Айта кетейік, Бірлік елді мекенінен бой көтеріп жатқан медициналық нысан Бірлік, Мәдениет, Ащысай және Қосөткел ауылдарының тұрғындарына қызмет көрсететін болады. Сала мамандарының айтуынша, құрылыс жұмыстары биыл жыл соңында аяқталып, қолданысқа берілетін болады.
Айта кетейік, Түркістан облысында биыл ұлттық қор, республикалық және облыстық бюджет есебінен 485 нысан құрылысын жүзеге асыруға 224,1 млрд. теңге бөлінген. Бүгінгі күнге дейін 94 нысан пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 308 нысанды пайдалануға беру жоспарланса, қалған 94 нысан құрылысы 2025 жылға өтпелі. Құрылыс қарқыны бойынша Түркістан облысы республикада үздіктер қатарында.
Өңірде құрылыс сапасына тиісті талдаулар мен тексерулер жүргізіліп, 822 хаттама толтырылып, 255 млн. теңгеге жуық айыппұл салынған. Үш мердігер компания лицензиясынан айырылған.
Түлкібас ауданында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Жуырда аудан аумағында орналасқан жаңа тұрғын үйлерден 48 отбасыға пәтер кілттері салтанатты түрде табысталды. Бұл — мемлекет тарапынан халықты әлеуметтік жағынан қолдау, баспанамен қамтамасыз […]
Белсенді жастардың қатысуымен «Жастар бейбіт атомды қолдайды!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Талқыға тұздық болған тақырып – Ы.Алтынсарин атындағы мектептің физика пәнінің мұғалімі Елдос Өмірзақұлы Бодықовтың «Ядролық электр станциясы – келешек қуаты» тақырыбындағы лекциясы. Әуел баста […]
Крестьяне Туркестанской области приступили к посеву озимых зерновых на 168 тыс. га методом прямого посева Технология No-till — это система нулевой обработки почвы, впервые данный метод в регионе начали внедрять 3 года назад. С […]
Пікір қалдыру