«Жасыл ел» атауы әрбір жасқа жақсы таныс. Жалпыұлттық жобаның жаңа еңбек маусымы қайта басталды. Жоба жастарды еңбекке баулуды, табиғатты аялауға шақыруды көздейді.
«Жасыл ел» еңбек жасағы 2005 жылдан беастап жүзеге асырылып келе жатқан кешенді бағдарлама. Аталмыш бағдарлама көптеген жастың Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, елімізді жасыл желекке айналдыру мақсатында олардың жалын-жігерін, күш-қуатын бір арнаға тоғыстыра алды. Сондай-ақ, жастарға жазғы демалыстарын босқа өткізбей, жұмыс істеп, қосымша қаржы табуға молынан мүмкіндік тудырды. Осы орайда Шымкентте де еңбек жасақтарында еңбек етіп жүрген жастар саны жылдан жылға артып келеді. Бұл қаладағы жұмыссыз жастардың санын азаюына да ықпал етіп отыр. Атап айтқанда қалада еңбек жасақтарының биылғы маусымында 1300 жас жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
– Жалпыұлттық жоба 2005 жылдан бастап сәтті жүзеге асырылып келе жатқан ауқымды жобаның бірегейі. Бағдарлама құрылған алғашқы жылдары-ақ оң нәтиже беріп келеді. Бұл жастар арасындағы ең танымал бағдарламалардың бірі десем, артық айтқаным емес. Бағдарлама аясында жас қазақстандықтар қалаларды көгалдандыруға қатысып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосып келеді. Сонымен қатар жоба еңбекке баулып қана қоймай, жастарды ортақ идеялар төңірегінде топтастырады. Жаңа достар тауып, өздерінен кейінгі іні-қарындастарына үлгі болады, – дейді Шымкент қаласы бойынша координаторларының бірі Қуаныш Нұрлыислам.
«Жасыл ел» еңбек жасақтарына өтінім қабылдау мамыр айынан баcталып, ерікті жастардан топ құрылған. Жобаға 16-34 жас аралығындағы жұмыссыз жастар қатыса алады. Еңбек сарбаздарына арнайы киім үлгісі және қажетті құрал-жабдықтар беріледі. Айта кетейік, жастардың жұмыс тобы 5 ауданға бөлініп, күніне 4 сағаттан тиімді, пайдалы жұмыстар атқарады. Жалпы қала бойынша биылғы жылы 1300 жасты жұмыспен қамту жоспарлануда. Жоба Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өтуде. Жастар құжаттар мен өтінімді «Жасыл ел» штабында аудан бойынша жауапты ретінде бекітілген арнайы қызметкерге тапсырады. Орын саны шектеулі.
Аталмыш жоба мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы жастарды маусымдық жұмыспен қамтуға, қалалар мен елді мекендерді көгалдандыруға, абаттандыруға, жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге бағытталған жалпыұлттық қозғалыс. Яғни, жас жұмысшылар тал-теректерді күту мен көгалдандыру, елді мекендерді абаттандыру және құрылыс жұмыстары секілді бағыттардағы қызметтерді атқаратын болады. Шымқаланың жастарынан құралған жасақ мүшелері жаз айларында қолға күрек пен балға ұстап, қоршаған ортаға пайдалы іспен айналысып, әрі өздері қосымша табыс табады деген сөз.
2020 жылғы 26 сәуір, сағат 9-дағы мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 534 493 адамнан өтініш түскен, деп хабарлайды Күнгей.кз ақпарт агенттігі. Оның ішінде 265 895 адамға […]
2025 жылдың 1–10 шілде аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті қару-жарақ пен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қарсы бағытталған «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау […]
Қазіргі қоғамда адамның психологиялық саулығы – ұлттық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды құрамдас бөлігіне айналып отыр. Соңғы жылдары жаһандық деңгейде өзектілігі артып келе жатқан мәселелердің бірі – суицидтің алдын алу. Әсіресе жастар мен әскери қызметкерлер […]
Пікір қалдыру