27 қазан күні «Turkistan Marathon» шарасының өтуіне байланысты, таңғы сағат 7:30-дан 14:20-ға дейін марафон қашықтығы өтетін жерлерде жол қозғалысы ішінара жабылады.
Түркістанның әдемі тарихи орындарында 3000 адам жүгіреді. Сөре мен мәре visit Center Turkistan маңында орналасып, қатысушылар Бекзат Саттарханов даңғылымен әуежайға қарай жүгіріп, мәреге қайтады.
Спортшылардың қашықтықты жүгіріп өтуіне қарай жарыс жолы ашылып отыратын болады.
Таңғы сағат 7:30-дан 14:20-ға дейін Қожа Ахмет Ясауи мұражайының жанындағы Батырбеков көшесі көлік қозғалысына колжетімсіз. Таңғы сағат 8:15-тен 14:00-ге дейін Бекзат Саттарханов даңғылы (Батырбеков көшесінен Есім хан даңғылына дейін) бойынша қозғалыс тоқтатылады. Таңғы сағат 08:40-тан 12:30-ға дейін Есім хан даңғылымен (Бекзат Саттарханов даңғылынан Түркістан халықаралық әуежайына дейін) қозғалыс тоқтатылады.
Жолдардың жабылуын ескере отырып, сөреге оңтайлы жол жүру бағытын 2ГИС қосымшасы арқылы көруге болады.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан қолайсыздықтар үшін түсіністік танытуын сұраймыз.
Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қаладағы бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Күн тәртібіндегі нысандардың қатарында осыдан 3 жыл бұрын халық игілігіне берілген — «Жібек жолы» саябағы да бар. Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарының Түркістан […]
Түркістандықтар қазан айында қос мерекені қатар атап өтеді. Елдігіміздің белгісі – «Республика күнімен» қатар, «Қала күні» мерекесін де атап өту дәстүрге айналған. Осыған орай, «Түркістан көркі» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылып, жас қылқалам шеберлері шығармашылық шеберліктерін […]
Қытай Халық Республикасында жамбы атудан әлем чемпионаты аяқталды. Бұл чемпионатқа әлемнің 11 елінен, атап айтқанда, Аустралия, Малайзия, Түркия, Қытай, Индонезия, Қатар, Қазақстан, Моңғолия, Тайпей, Макао, Пәкстан мемлекеттерінен 60-қа жуық спортшы қатысты. Қазақстанның намысын ұлттық құраманың […]
Пікір қалдыру