Түркістан қаласында Конституция күніне орай Бекзат тұрғын алабында қала тұрғындарының ұсынысына сай жаңа саябақ ашылды. Саябақтың ашылу салтанатына қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, зиялы қауым өкілдері мен қалалық мәслихат депутаттары қатысып, Бекзат секторы тұрғындарының қуанышына ортақтасты.
Салтанатты жиында сөз алған шаһар басшысы Нұрбол Әбдісаттарұлы мерейлі мереке Конституция күнімен жұртшылықты құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мереке қарсаңында бірқатар азаматтар «Түркістан қаласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және алғыс хаттармен марапатталды.
Жалпы аумағы 3 гектарды құрайтын саябақта тұрғындар мен қала қонақтарының тынығуына қолайлы жағдай жасалған. 24 мың шарты метр аумақ көгалдандырылып, 3500 ағаш отырғызылған.
Аумақта балаларға арналған ойын алаңшалары мен воркаут алаңы орнатылған. Мерекелік кештерді өткізуге арналған сахна да қарастырылған. Спортпен шұғылданушыларға арналған арнайы жүгіру жолағы мен келушілер үшін 1200 шаршы метрді құрайтын автотұрағы да бар. Одан бөлек, 20 орындық пен 20 қоқыс жәшігі орнатылып, аяқ жол тақтайшалары төселген. Арнайы транформатор да қойылып, саябақ қоршалған. Жауапты мердігер мекеме саябаққа 2 жылдық кепілдеме береді. Кепілдеменің негізінде көгалдандыру жұмыстарын өз есебінен жүргізіп отырады.
Жалпы қала әкімі Бекзат секторы тұрғындарымен кездесуінде көтерілген 50 мәселенің барлығы орындалды. Бүгін жаңадан ашылып жатқан саябақ осы шешімін тапқан мәселердің бірі. Сондай-ақ, қазіргі таңда тұрғындар өтінішіне сәйкес Бекзат аллеясына жөндеу жұмыстары, Жандосов көшесінің бойына әсемдік қоршау жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан қаласында 318 гектарды құрайтын 32 саябақ бар. Ал, жалпы қолданыстағы күтіп-баптау аймағында жасыл-желекті 288 нысан бар. Олардың 75-і гүлзар мен аллеялар.
Түркістан қаласында әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы қарқынды жалғасып жатыр. Облыс орталығында жаңа үлгідегі перзентхана мен заманауи оңалту орталығы бой көтеруде. Бұл жобалар шетелдік және отандық инвесторлардың, сондай-ақ қайырымдылық қорларының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Құрылыс жұмыстарының барысын Түркістан облысы әкімінің […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Президент спортты дамытуды тереңнен бастау керектігін айтады. Яғни, тек жаттығатын адам ғана емес, жаттығуға […]
Түркістанда жаңа спорт нысандарының саны көбейіп келеді. «TURAN» футбол академиясының құрылысы да аяқталуға таяды. Олардың құрылыс барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауында тұр. Облыс әкімі облыс орталығында салынып жатқан «TURAN» футбол академиясының ғимаратын аралап […]
Пікір қалдыру