ӨТЕГЕНОВ КӨШЕСІНІҢ ЖАЛҒАСЫ АШЫЛДЫ

Шымкентте Өтегенов көшесінің 1 және 2-кезеңдерінің құрылысы аяқталып, Сырым батыр көшесімен қиылысы арқылы көлік қозғалысы ресми түрде ашылды. Бұл жол қала тұрғындары үшін өте маңызды, себебі енді қаланың солтүстік бөлігінен (Бозарық, Шымсити, Асар, Асар-2 шағынаудандары) орталыққа тікелей қатынау мүмкіндігі пайда болды.

Өтегенов көшесінің ашылуы Бәйдібек би – Төлеметов көшелерінің қиылысындағы көлік кептелісін азайтуға да ықпал етеді. Жол «Шымкент Сити» шағынауданынан Төлеметов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы ұзындығы 2,2 шақырымды құрайтын 4 жолақты бұл көшеде аяқжол, ирригациялық арықтар, көше жарықшамдары және бағдаршамдар орнатылған.

Еске сала кетейік, Бәйдібек би даңғылы – қаладағы көлік ағыны көп негізгі магистральдардың бірі. Кептелістерді азайту мақсатында, осы даңғылға балама ретінде Өтегенов көшесі көлік қозғалысы үшін қолжетімді болып отыр. Сонымен қатар, көше қиылыстарындағы интеллектуалды көлік жүйесіне ITS қосылмаған бағдаршамдарда секундомерлердің кері есебі қайта орнатылып жатқанын да айта кету керек.

Индустрия және инфра­құ­ры­лымдық даму министрлігі өкіл­де­рінің айтуынша, бүгінде рес­пу­б­ликалық маңызы бар жол­дардың бойында 1 738 қызмет көр­сету ны­саны бар, олардың 1 093-і немесе 63%-ы Шымкентте биыл жол инфрақұрылымын дамыту үшін 352 шақырым көшеде жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 283,8 шақырымын пайдалануға беру жоспарланған.

Айта кетейік, 2-кезең бойынша Өтегенов көшесі жалғасының құрылысы 2022 жылы жоспарға енгізілген. Сырым батыр көшесі мен Төлеметов көшелері аралығын қамтиды. Жолдың ұзындығы — 970 шақырым, ені — 23,5 шақырым. Автомобиль жолында 4 жолақты жүріс бөлігі қарастырылған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*