Шымкент қаласында ағымдағы жылы 1 млн дана біржылдық гүл егу жоспарланып отыр. Бүгінде қаланың орталық көшелері, айналма жол, жол бұрылыстары және вазондарда гүл отырғызу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Атап айтқанда, Бәйдібек би және Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысында орналасқан «Хан қорғанына» 45 мың дана сальвия және антирринум біржылдық гүлі егіледі. Гүлдер композициясы казақи нақыштағы ою-өрнек пішінінде көмкеріледі.
Ал, Еңбекші ауданында орналасқан №1 автожол бойындағы айналма жолға петуния, тагетес, катарантус сияқты жалпы саны 48 мың біржылдық гүл отырғызылады. Қаланың көрнекті орындарының бірі — Кабанбай батыр даңғылы мен Анаров көшесінің қиылысы, теміржол вокзалы тұсындағы айналма жол маңында да көріктендіру жұмысы жүргізілуде. Бұл аумақ шафран, сальвия және целозия секілді біржылдық гүлдермен толығып жатыр.
Гүлдер арнайы ұңғыма арқылы суарылады. Бүгінде қарқынды жүргізіліп жатқан көріктендіру жұмысына мердігер мекемелердің арнайы агроном мамандары мен техникалары жұмылдырылған.
Шымкент қаласында көше тазалығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау үшін қабылданған шаралар жыл сайын күшейіп келеді. Жыл басынан бері 12 935 азамат Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2 бабына сәйкес қоғамдық орындарда тәртіп бұзғаны […]
Шымкент қаласының зоосаябағы — қаланың маңызды демалыс орындарының бірі болып табылады. Мұнда тек балалар мен ересектер дем алатын жер ғана емес, сондай-ақ көптеген жануарлар мен өсімдіктер әлемі де өмір сүретін жер десек те артық емес. […]
Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов әскери самбодан 3 дүркін Әлем чемпионатының жеңімпазы, ережесіз жекпе-жек шебері Арман Оспановты қабылдады — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Кездесу барысында екеуі елімізде спортшыларға жасалып жатқан жағдайлар мен бүгінгі олардың […]
Пікір қалдыру