Шымкент қаласындағы Еламан шағын ауданында жаңа спорт кешені ашылды. Қаланың дене шынықтыру және спорт саласын дамыту мақсатында құрылған спорттық нысанның жергілікті халыққа берері мол. Тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына, жас спортшыларды тәрбиелеуге, және түрлі спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік беретін нысанның ашылуына Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков қатысып, қызыл лентасын қиды.
— Еламан спорт кешені тек спортпен айналысуға ғана емес, сонымен бірге балалар мен жастарды рухани тәрбиелеуге де ықпал ететін орталық болады деп сенемін. Мұнда түрлі спорт түрлерімен шұғылдануға мүмкіндік бар, сонымен қатар кәсіби деңгейдегі жаттығулар өткізуге барлық жағдай жасалған. Осы кешенде өсіп келе жатқан жас спортшыларымыздың арасынан болашақ чемпиондар шығады деп сенеміз. Біз қала тұрғындарын денсаулыққа мән беріп, белсенді өмір сүруге шақырамыз. Болашақта осындай спорт кешендері көбірек ашылып, салауатты өмір салты Шымкент жастарының айнымас құндылығына айналады деген үміттеміз,” – деп атап өтті басқарма басшысы.
Жаңа кешенде заманауи жабдықтармен қамтылған бірнеше спорт залы бар, олардың әрқайсысы нақты спорт түрлеріне арналған. Атап айтсақ, баскетбол, волейбол, футбол және басқа да ойындармен айналысуға болады. Сонымен қатар, күштік дайындық, жаттығу залы және жүзуге қатысамын дегендерге бассейн де бар.
Еламан спорт кешенінің есігі ауыл балаларына, спортпен айналысқысы келетін барлық тұрғындарға ашық. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер үшін бұл кешенде жаттығу жасау – спорттық дағдыларды дамытуға, өз қабілеттерін шыңдау және кәсіби деңгейге жетуге тамаша мүмкіндік.
Айта кетейік, спорттық нысанды ауылдың белсенді тұрғыны, кәсіпкер Саидалимхан Шарипов өз қаражатына салған.
Сонымен қатар, кешеннің ашылуына ауыл ақсақалдары мен спорт ардагерлері қатысып, болашақ чемпиондарға сәттілік тілеп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Шымкентте карантин 22 маусымға ұзартылды. Шектеу шаралары аяқталғанға дейін азаматтар қоғамдық көліктерде, рұқсат етілген нысандарда маскамен жүруге, медициналық қолғап киюге, антисептик қолдануға міндетті. Сонымен қатар: Қоғамдық көліктерде артық жолаушылар тасымалданбауы тиіс. Қаладағы барлық базарлардың жұмыс […]
Шымкент қаласында жұмыс істеп жатқан автомектептердің 40 пайызы онлайн форматқа көшті. Соңғы берілген 2ГИС компаниясының мәліметтері бойынша еліміздің үшінші мегаполисінде тұратын 30 автомектеп тіркелген. Олардың арасында 12-сі ғана карантин кезеңінде онлайн режимінде жұмыс істеуді жалғастырған. […]
Инженерлік инфрақұрылымды дамыту, атап айтқанда, халықты сумен, электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз ету мәселелері Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбековтің жеке бақылауында. Қазіргі уақытта қалада «3-Энергоорталық» АҚ қазандығынан жылу энергиясы мен ыстық су алатын 238 үйдің […]
Пікір қалдыру