МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

“Тазалық-табалдырықтан басталады”, сондықтан қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау әр азаматтың басты міндеті болып табылады. Тазалықты жай ғана қарапайым сөз емес, үлкен ұлағатты, мағыналы сөздердің бірі деп қарастырғанымыз жөн. Өйткені денсаулықтың кепілі — тазалық
Бүгін “Таза Қазақстан” Республикалық экологиялық акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік өтті.
Сенбілікке қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-нің қызметкерлері сенбілікке қатысты. Қызметкерлер Желтоқсан көшесі, яғни Темірлан тас жолынан Сайрам көшесіне дейін аралықта көше бойларын, арық ішін қоқыстардан тазартты.
Соданда болар сенбілікке қатысушылардың саны артып келеді. Бұл, әрине құптарлық іс. Қала бәрімізге ортақ болғандықтан, қала тазалығы бәріміз үшін маңызды. Сондықтан тазалық мәселесінде алдымен әрбір тұрғын өзі тұрған жердің тазалығына мән берсе, тазалық сақталады. Сонда барып аула тазарады. Ал ауланың тазалығы қаланың тазалығы, қаланың тазалығы- сананың тазалығы.
Жалпы таза орта қалыптастыру тазалаудан емес, тазалық сақтаудың нәтижесінде жүзеге асады.
Шымкент — таза қала!

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*