Қаратау ауданы — Шымкент қаласындағы ірі аудандардың бірі, оның жалпы аумағы 19 500 гектарды құрайды, ал халық саны 220 мыңға жуық. Аудан құрамында 18 елді мекен мен 595 көше бар, сондай-ақ 12 демалыс орны тұрғындарға қызмет көрсетеді. Аудан әкімдігі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, өзіне жүктелген 24 функцияны орындап келеді. Бұл туралы бүгін Қаратау ауданының әкімі Мүлкеманов Рахымберді Жанысбекұлы брифинг барысында баяндады.
Аудандағы тұрғындарды ауыз сумен қамту деңгейі қазіргі таңда 98%-ды құрайды. Дегенмен, Сайрам, Қызылсу тұрғын алаптары және Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумақтарында сумен қамтамасыз ету жүйесі әлі де жетілдіруді қажет етеді. 2023 жылы аталған елді мекендерде су жүйелерінің құрылысы басталып, жұмыстар ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Бұл жұмыстардың нәтижесінде ауыз сумен қамту көрсеткіші 100%-ға дейін жеткізілмек.
Электр жарығымен қамту деңгейі 98%-ды құрайды. Қазіргі уақытта Бозарық саяжайы мен Сайрам тұрғын алабының жаңақұрылыс аймақтарын электр желісімен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобалардың аяқталуымен электр жарығымен қамту көрсеткіші де 100%-ға жетеді деп күтілуде.
Аудандағы инфрақұрылымды дамыту шаралары тұрақты түрде жүргізіліп, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
В Шымкенте прошла важная экологическая инициатива – республиканская акция «Чистый Казахстан», реализуемая по поручению Главы государства. Её основная цель – сохранение окружающей среды, поддержание чистоты в населённых пунктах и формирование экологической культуры среди населения. К […]
Шымкент қаласы №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қызмет алушы екі қарттың көңілі жарасып, бас құрады. Қос ардагердің қуанышына орай, демеушілер есебінен той жасалып, жақсы тілектер айтылды. 72 жастағы Рақымқұл Бегалыұлы мен 62 жастағы Найла […]
В ходе очередного объезда города, аким Шымкента ознакомился с проводимыми работами по благоустройству и озеленению на проспекте Назарбаева. Вместе с представителями компании «BI Group» он высадил саженцы сакуры. В будущем планируется провести укладку газона на […]
Пікір қалдыру