Түркияның Ыстамбұл қаласында Қазақстан Республикасының бас Консулдығының қолдауымен туристік форум-көрме өтті. Бұл шарада Шымкент қаласының туристік мүмкіндіктері түркиялық туристік операторларға кеңінен таныстырылды. Форумға Түркияның 100-ден аса туристік агенттіктері мен сала мамандары (ТУРСАБ) қатысты.
Кездесуде екі ел арасындағы туристік ағынды арттыру, жаңа бағыттарды дамыту және ынтымақтастықты нығайту басты тақырып болды. Шымкенттің киелі жерлері, соның ішінде «Ибрагим ата» және «Қарашаш ана» кесенелері ерекше атап өтіліп, осы бағыттағы рухани туризмнің әлеуеті жоғары екені айтылды. Рухани туризмнің бастау алатын маңызды нүктесі ретінде Шымкент ұсынылып, қаладағы туристік маршруттар егжей-тегжейлі көрсетілді.
Форум аясында В2В форматында келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде Шымкентке Түркиядан келетін туристер ағынын арттыру мақсатында 5 ірі туристік операторлармен ынтымақтастық орнатылды. Бұл келісімдер екі ел арасындағы туризмнің дамуына және Шымкенттің халықаралық деңгейде танылуына жаңа серпін береді.
Алдағы уақытта Шымкент қаласы рухани туризмнің орталығы ретінде шетелдік туристер үшін тартымды орындардың біріне айналмақ.
Шымкент қаласында 2025–2026 жаңа оқу жылының басталуына байланысты полиция қызметкерлері мектептердің маңында қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалауды күшейтеді. Бұл шешім балалардың жолдан өту кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған. […]
Жители города Шымкента активно поддерживают республиканскую экологическую программу «Чистый Казахстан» и активно участвуют в проведении экологических мероприятий на высоком уровне. Эта программа была инициирована Главой государства и направлена на повышение экологической культуры, воспитание молодежи в […]
В Шымкенте придается особое внимание вопросам чистоты и благоустройства, что вызывает положительные отклики у жителей города. Системные работы в этой области активно ведутся, и результат уже заметен. В первую очередь стоит отметить, что под контролем […]
Пікір қалдыру