Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында «TURKISTAN Sky auto fest – 2024» іс-шарасы басталды. Түркістан қаласының туристік әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шара аясында автокөліктер көрмесі, әуе шарларын ұшыру, қолөнершілердің шеберлік сағаттары, гасторномиялық шоу, концерттік бағдарлама ұсынылды.
Авто фест – бірегей автокөліктер көрмесінде 200-ге жуық ретро және тюнингтелген автокөліктердің эксклюзивті модельдері қойылды. Қонақтар әртүрлі дәуірлер мен стильдердегі машиналарды тамашалап, автошоулар мен байқауларға қатысты. Автокөліктердің ерекше дизайндары, аудиожүйесі мен тюнинг жұмыстарына арналған байқау өтті. Көрермендердің дауыс беруі арқылы ең үздігі анықталып, мараратталды.
Сонымен қатар фестивальде әуе шарларының шоуы, параплан және дельтаплан көмегімен әсерлі түтіндер шоуы ұйымдастырылды. Жаппай аспанға көтерілген шарлар қонақтарға ерекше сезім қалдырғаны анық. Әуе шарын тек тамашалап қоймай, ұшу мүмкіндігі де қарастырылды.
Қоленершілер керамика, ағаш және былғарыдан ұлттық бұйымдар жасау, кілем тоқу, қыш құмыралар дайындау бойынша интерактивті сабақтар өтті.
Тағамдар көрмесінде жергілікті дәмханалар мен мейрамханалар өздерінің тағамдарын ұсынып, аспаздар тамақ пісіруден мастер-класс көрсетті.
Аниматорлар, акробаттар мен от шоуы туристік шараны әсерлендіре түсті. Келушілер түрлі ойындарға, викториналарға қатысып, уақытты қызықты өткізді.
Іс-шара концерттік бағдарламаға жалғасты. Концертті танымал DJ Shami, DJ Macarella және хэдлайнер Adil жандандырды. Фестиваль екі күнге жоспарланған.
Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында «Кедергісіз келешек» жобасы аясында балаларға арналған «Тең мүмкіндіктер» атты инклюзиялық спорт фестивалі басталды. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған фестивальге 5 ауданнан және Түркістан, Кентау қалаларынан 102 бала 12 команда қатысып, спорттың […]
Түркістан қаласы халықаралық деңгейдегі қолөнер орталығына айналу жолында ауқымды қадамдар жасалуда. Оның алғашқы нақты нәтижесі ретінде шаһарда заманауи «Қолөнершілер орталығының» ғимараты салынып, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл жаңа нысан болашақта қазақтың дәстүрлі өнерін дәріптеп қана […]
Түркістан қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт клубы ұйымдастыруымен жүйелі таңғы жаттығу сағаты өткізілуде. Әр сектордың ашық алаңында өткізілетін шараға бұған дейін 300-ге тарта тұрғын қатысқан. Мекеме директоры Нұрланәлі Сыздықовтың айтуынша бұдан бөлек тұрғындар арасында салауатты […]
Пікір қалдыру