Шардара ауданына қарасты Достық ауылдық округінде 1 900 гектар жерге бақша дақылы егілген. Онда қауынның Жиенбай сортынан — 100 гектар, Валет сортынан — 1 300 гектар, Жұлдыз сортынан — 400 гектар жерге дақыл егілсе, 100 гектар аумаққа қарбыз себілген. Бүгінгі таңда жиын-терім науқаны қарқынды жүргізіліп жатыр. Жиналған өнімнің 50 пайызы, яғни 300 тоннадан астамы Ресей мен ішкі нарыққа жіберілген. Науқан соңына дейін шаруалар жалпы 600 тоннаға жуық өнім жинауды көздеп отыр.
Айта кетейік, жалпы Шардара ауданында биыл 9 865 гектар жерге бақша өнімі егілген. Бүгінгі күні оның 2 615 гектарынан 82 мың тонна өнім жиналған. Оның 1 000 тоннасы қауын, 81 мың тоннасы қарбыз. Ауылшаруашылығы мамандарының пікірінше, биыл Шардара ауданында бақша өнімінің көлемі 260 мың тоннадан асады деп жоспарлануда.
Айта кетейік, биыл Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдары 870 мың гектарға орналастырылды. Егіс құрылымын қалыптастыруда рентабельділігі жоғары дақылдарға басымдылық берілуде.
Облыстың климаттық ерекшелігі қарқынды бау және жылыжай шаруашылығын дамытуға өте қолайлы. Өңірде қарқынды баудың көлемі 5,7 мың гектарды құрайды. Өнімділік дәстүрлі бауларға қарағанда 5 есеге жоғары немесе 300-350 центнерге дейін өнім жинауға мүмкіндік беріп отыр.
Инвесторлар соңғы үш жылда субтропикалық банан, лимон өнімдерді жылыжайларда өсіру технологиясын үйреніп, кеңінен қолдануға көшті. Биылғы жылы жылыжай шаруашылықтарынан 1,3 мың тонна банан, 3,2 мың тонна лимон өндірілді.
Ағымдағы жылы, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы жылдық 5 % мөлшерлемемен қол жетімді лизингтік бағдарламаcын іске қосты. 9 айда жаңадан 1603 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынып, жаңалау үлесі 6,3 % құрады.
Үш тілді меңгерген мемлекеттік қызметкерлер арасында»ТІЛДАРЫН-2020″ атты аудандық байқауы өткізіледі. «ТІЛДАРЫН-2020» атты аудандық байқауының ЕРЕЖЕСІ⤵️⤵️⤵️ 1.Түркістан облысы Жетісай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік тілдің қолдану […]
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 873 мың гектарға егілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Оның ішінде жаздық дақылдар – 497 мың гектар, күздік егіс – 202 […]
Ел Тәуелсіздігінің 28 жылдығы қарсаңында Түркістан қаласындағы «Отырар» ықшам ауданында тұрғын үйлер табиғи газбен қамтамасыз етілді. Салтанатты шараға қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев түркістандықтарға ыстық лебізін жеткізіп, газ құбырын іске қосты. Халықаралық маңызы […]
Пікір қалдыру