Қазіргі таңда еліміздегі қатты тұрмыстық қалдықтардың тек екі пайызы ғана өңделеді. Ал 98 пайызы далада шашылып жатыр. Осы тұрғыдан келгенде, облысымыздағы қатты тұрмыстық қалдықтарды қажетке жарату ісі бүгінгі күннің талабынан шығып отыр деп айта алмаймыз. Әрине, дамыған мемлекеттер сияқты қоқысты жүз пайыз керекке жаратып, одан өміріміз бен тіршілігімізге тиімді заттарды өндіретін уақыт та келер. Ондай мүмкіндікке жету үшін жұрт болып жұмылған жөн.
Бүгінде Кентау қаласында мемлекеттік қолдауға ие болып, кәсіп ашқандардың қатары көбейіп келеді. Солардың бірі қоқысты кәсіп көзіне айналдырған — Гүлназ Жайықбаева. Ол 1 млн 500 мың теңге көлеміндегі мемлекеттік грантты жеңіп алып, қалдықтарды жинайтын құрылғы сатып алған. Қазіргі таңда қоқыстарды сұрыптап, арнайы зауытқа өткізеді. Алдағы уақытта қалдықтарды ұнтақтайтын техника сатып алып, пластмассадан түрлі зат шығаруды жоспарлап отыр.
Кәсіпкердің сөзінше, ол пластикалық бөтелке, қатты қағаздар, пластмасса жәшіктері мен полиэтилен қапшықтарын қабылдайды. Сондай-ақ, ол кәсібі арқылы қала тазалығын сақтауға үлес қосып жүр. Бүгінде қала тұрғындары қатты қалдықтарды Гүлназға келіп өткізеді.
Қатты тұрмыстық қалдықты өңдеу» деген ұғымды көпшілік күл-қоқыс үйіндісі мен полигондағы үйінділер арасынан қағазын бір бөлек, пластмассасын бір бөлек, темір, ағаш, әйнегін тағы бір жаққа жинап, зауытқа тасымалдап жаңа өнім шығару деп түсінеді. Ашығын айтатын болсақ, күл-қоқыс үйіндісі мен полигондарға төгілген қоқыстарды өңдеуге болмайды. Тұрғындар тарапынан қоқыс жәшігіне жиналған қалдықты тасымалдаушы компания өкілдері сұрыптаудан өткізбей-ақ полигонға төгеді. Яғни, оның ішінде қағазы да, пластмассасы да, тамақ қалдығы да, табиғат пен адам ағзасына зиянды улы заттар да араласып жүреді. Мысалы, пластмасса шөлмекті өңдеп, сондай бұйым шығаратын шикізат алуға болады. Ал сұйық май, бензин, ауылшаруашылық немесе басқа да улы дәрі-дәрмекке құйылған пластик шөлмекті толық залалсыздандырып, сұрыптан өткізіп барып өңдеуге жөнелту керек. Полигоннан қоқыс жинап, қоқыс жәшігін ақтарып-төңкеріп нәпақасын айыратындарға ақша тапса болғаны, олардың елдің келешегімен шаруасы жоқ. Әрине, полигондарға мықты күзет қойып, адам баласын аттатпай тастауға болар еді. Онда тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін отандық зауыттардың шикізат таба алмай қиналатыны анық.
Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды Түркістандағы халықаралық әуежайды дамытудың жаңа жобаларын дайындауды тапсырды. Облыс орталығына қатынайтын бағыттарды көбейтіп, туризммен үйлестіруді міндеттеді. Әуежайдың логистикалық әлеуетін де арттырып, жүк тасымалын ұлғайту маңыздылығына тоқталды. Әуе жүк тасымалын ілгерілету […]
Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің бастамасымен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және спорттың маңызын дәріптеу мақсатында мазмұнды әрі әсерлі кездесу ұйымдастырылды. Бұл шараға Қазақстан спортының мақтаныштары – бокстан ұлттық құрама командасының бас бапкері, Қазақстанның еңбек […]
Қоғамның тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – кез келген елдің басты мақсаты. Осы орайда бұл жауапты міндетті иығына артқан полиция қызметкерлерінің еңбегі өлшеусіз. Олар күндіз-түні тыным таппай, заңның үстемдігі мен тәртіптің сақталуы үшін аянбай […]
Пікір қалдыру