Кентау қаласында тұрғын-үй құрылысы жұмыстары жүрдек жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек ел игілігіне тапсырылған әлеуметтік нысандардың саны да көбейіп келеді.
Қалалық экономикалық бөлімінің мәліметінше жыл басынан бері халық қажетіне жарайтын нысандар пайдалануға беріліп, Кентаудың ажары ашылып келеді.
Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жаңа мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда ғимараттың іргетасын құю жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі Жандос Тасов 300 орындық мәдени нысандағы атқарылған жұмыстармен танысып, бірқатар тапсырмалар берді. Екі қабаттан тұратын ғимарат соңғы заманауи жабдықтармен қамтылмақ.
Ауылда мәдениет үйінен бөлек жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарын бақылаған қала басшысы әрбір жұмыстарды сапалы атқарып, уақытылы тапсыруды жүктеді. Айта кетейік, жыл соңына дейін қалаға қарасты Байылдыр және Қарнақ ауылдарындағы 14,5 шақырымды құрайтын 22 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Ал жалпы Түркістан облысында биыл ұлттық қор, республикалық және облыстық бюджет есебінен 485 нысан құрылысын жүзеге асыруға 224,1 млрд. теңге бөлінген. Бүгінгі күнге дейін 94 нысан пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 308 нысанды пайдалануға беру жоспарланса, қалған 94 нысан құрылысы 2025 жылға өтпелі. Құрылыс қарқыны бойынша Түркістан облысы республикада үздіктер қатарында.
Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайы арқылы қазіргі уақытта Ыстамбұл, Кувейт, Абу-Даби және республикаішілік Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Қостанай әуе рейстері қатынайды. Рейстерді «Turkish Airlines», «Jazeera Airways», «Wizz Air Abu Dhabi», «Fly Arystan», «Scat» […]
Шежірелі Шардара – қойнауы қазына, жері құтты мекен, облыстың оңтүстік бөлігіндегі қарқынды дамып келе жатқан аудан. Тарихы тереңде жатқан өңірде балығы тайдай тулаған, шағаласы шаңқылдап көк аспанда ойнаған Шардара су қоймасы бар. Бұл – өңіріміздің […]
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ауғанстандық инвесторлармен кездесіп, бірқатар жаңа жобаларды талқылады. Алдағы уақытта қос тарап сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды күшейтуге уағдаласты. Облыс әкімі өңірдің кешенді даму жоспарында инвесторлар тарту, оларға қолайлы жағдай жасау мәселесіне […]
Пікір қалдыру