Түркістан облысындағы колледж ұстаздары мен басшылары Франция, Германия еліндегі кәсіпорындарда, техникалық және кәсіби білім беру орталықтарында тәжірибе алмасуда. Педагогтарды Түркістан облысының басқарма басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетұлы бастап барып, өндірістік практиканың басым бағыттарымен танысты.
Сапардың негізгі мақсаты — тағылымдамадан өту және халықаралық келісім жасау. Алғашқы күні халықаралық «PLAN B GGMBH & KOMPETENZZENTRUM DER EBG GGMBH IN BERLIN» сертификаттау орталығының директоры Томас Зиммерман әлемнің 148 елінде сертификаттау бойынша жасап жатқан жұмыстары туралы таныстырып, семинар өткізді. Семинардың екінші жартысында түркістандық делегация тарихы 1900 жылдан бастау алатын «Mercedes» көлігін құрастыратын зауытқа барды.
Германияның колледж студенттері дуальды оқу жүйесімен 80 пайыз өндірістік тәжірибе бойынша, 20 пайыз теориялық тұрғыда білім алады. Бүгінгі таңда әлемде оқытудың дуальды жүйесі — кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Өйткені, экономиканың қарқынды дамуымен кәсіби-техникалық маман иелеріне сұраныс та күн санап артуда.
Түркістан облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен Жергілікті полиция қызметі бірлесіп, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді. Шара барысында тәртіп сақшылары облыс орталығындағы халық […]
25 қазан – Республика күні мерекесінде Түркістан қаласында жалпы білім беретін 600 орындық мектеп пайдалануға берілді. №35 мектептің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, ұстаздарды, оқушыларды және ата-аналарды құттықтады. – Алдымен баршаңызды Республика […]
Сайрам ауданында жаңа мөлтек аудан құрылады. Жаңа қалашықта 12 мыңға жуық адам қоныстанады. Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қарасу ауылдық округіндегі 57 га жер теліміне салынатын жаңа құрылыс аумағының бас […]
Пікір қалдыру