2024 жылдың 8 айында Түркістан облысының тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне 41 талдау жасалды. Жанар-жағармай материалдары, сұйытылған мұнай газ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, медициналық қызмет көрсету, электр энергиясын сату сынды салалар зерттелді. Нәтижесінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жалпы құны 2 млн. 769 мың теңгені құрайтын 6 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл туралы өткен брифингте ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Данабек Махатов мәлімдеді.
«Департамент тарапынан нарықты талдау, өтініштерді қарау қорытындысымен монополияға қарсы заңнаманы бұзу бойынша 9 хабарлама шығарылды. Сондай-ақ, облыс аумағында сұйытылған мұнай газын бөлу кезінде құқық бұзушылықтар анықталды. Орын алған заңсыздық негізінде жауапты тұлғаларға 2 млн 212 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, қазіргі таңда салынған айыппұл толық көлемде өтелді»-деп баяндады спикер.
Ел басына түскен қиын сәтте жомарт қолды азаматтар қол ұшын созып, көпке көмегін көрсетуде. Созақ ауданның тумасы, кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты Мағауия Тұрысбеков 5 жасанды тыныс алу аппаратын алдыруға Түркия еліне тапсырыс берді. Жақын […]
Ауылшауашылығы дамуы және жемістер мен көкөністерге сұраныстың артуы жағдайында зиянкестермен күресу үшін химиялық пестицидтерді интенсивті және бақылаусыз қолдану барған сайын артып келеді. Ол адм денсаулығына әсері болатын белгілі. Сонымен қатар жаһандық жылынумен бірге зиянды организмдердің […]
ҚР Тәуелсіздігіне 28 жыл толуына орай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев «Рәміздер алаңында» мемлекеттік Туды салтанатты ұлықтау рәсімін өткізді. Салтанатты шараға ұласқан мерекелік кеште сарбаздардың сап түзеуімен Мемлекеттік Ту орнатылып, Әнұран орындалды. Кешті өңірдегі зиялы қауым […]
Пікір қалдыру