Ордабасы ауданы Бөржар ауылдық округіндегі Теспе елді мекенінде жаңа технологиямен қыш зауытының құрылысы жүргізілуде. Толық автоматтандырылған жаңа қондырғылар көмегімен құрылысы жүріп жатқан «Altyn land» өндіріс орны ауданда 55 адамды тұрақты жұмыспен қамтуға қауқарлы.
Жылына 90 миллион дана қыш өндіруге қауқарлы зауыттың инвестициялық құны 2,3 млрд теңге. Қыркүйек айында құрылыс жұмыстары басталған жоба 2025 жылдың мамыр айында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.
«Ең үлкен облыс Түркістанның әлеуметтік-экономикалық ахуалы бүтін республикаға әсер етер күшке ие. Өйткені Оңтүстік облыс географиялық тұрғыда қолайлы орналасқан, ондағы халық тығыздығының деңгейі жоғарғы және кейінгі жылдары қолға алынған іргелі бастамалар біршама. Өңірдегі аса өзекті мәселелердің көшін инфрақұрылым мен әлеуметтік ахуал бастайды. Бәріне бірдей бюджет қаржысын жеткізу оңай емес, бірақ біз әркез ұтымды шешімдер қабылдауға тырысып келеміз», деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Сондай-ақ, өңір басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына келетін болсақ, осы жылдың 10 айында оң өсім бар. Жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн теңгеден асты. Өнеркәсіп өнім көлемі 2 пайызға артып, 758 млрд теңгені құрады. Өсімге негізінен сүт, тоқыма және электр жабдықтары өндірісі үлес қосты. Бұл ретте Түркістан облысы бөлінгенде негізгі өндіріс орындары Шымкент қаласы аумағында қалып қойғанын атап өткен жөн. Осыған байланысты, облыс бюджеті толықтай республикалық бюджет трансферттеріне тәуелді болып тұр. Қазір облыс өнеркәсібінің негізін тау-кен, яғни уран өндірісі құрайды деген болатын. Бұл облыста өндіріс пен өнеркәсіпке ерекше ден қойлып келе жатқандығының айрықша көрінісі.
Ұлттық тарихи жад және тарих ғылымы. Бір қарағанда күрделі тақырып көрінеді. Не қызық бар осында деп ойлауыңызда мүмкін. Қателесесіз. Тарихи жад бәрімізде бар. Соның бар екенін ойға алмайтынымыз өкінішті. «Арыс оқиғасын» еске алыңызшы. Халық алдымен […]
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен өзге елдердің тәжірибесін пайдалана отырып, облыста арнайы замануи тұқымбақ ашу бойынша тапсырма берілген. Бүгінде өңір басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, басқарманың орман шаруашылығы мекемелерінің мамандары Ресей, Өзбекстан және еліміздің басқа […]
Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалуы жоғары деңгейде жүзеге асуда. Осыған орай Арыс қаласында облыстық қоғамдық даму басқармасының мұрындық болуымен санитарлық талаптарды сақтай отырып «Рухани жаңғыру: Түркістан дәрістері» кездесуі өтті. Іс-шараның мақсаты — «Рухани […]
Пікір қалдыру