2024 жылы Мақтаарал ауданы бойынша жалпы 2 мың гектар алқапқа тамшылатып суғару технологиясын енгізу жоспарланған болса, бүгінгі таңда 1,5 мың гектарға су үнемдеу технологиясы енгізілген. Атап айтқанда 500 гектар мақта, 1000 гектар бақша, көкөніс дақылдары.
Осы орайда жаңа технологияны пайдалана отырып, өнім еккен «Хамро ата» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінде аудандық көлемде семинар-кеңес өткізілді. «Хамро ата» АШӨК биыл 310 гектар алқапқа мақта дақылын тамшылатып суғару технологиясы арқылы егіп, бүгінде өнімін жинауға кіріскен. Жалпы өнімділік 1 гектарға 58-60 центнерді құрап отыр. Ал ауданның орташа өнімділігі — 26,2 центнер. Шаруалардың айтуынша, су көлемі біршама үнемделіп, өнім көлемі 2-2,5 есеге артқан. Сонымен қатар, тамшылатып суғару технологиясын енгізген шаруаларға мемлекет тарапынан кеткен шығынның 80%-ы субсидия ретінде өтелетін болады.
Әлеуметтік желілерге таралып кеткен жазба, яғни Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы жағдайға байланысты «Ешқандай шығын жоқ» деп мәлімдеме жасады делінген хабарлама шындыққа жанаспайды. Негізінде облыс басшысы Мақтаарал ауданындағы су басып қалған ауылдарда адам […]
Мақтаарал ауданының қариялары Мақтаарал ауылдық округінің әкімі мен жергілікті жерден сайланған мәслихат депутатына өкпе-реніштері мол — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасап. Мырзашөл өңіріндегі Мақтаарал ауылдық округі тұрғындарымен өткен аудан әкімі Бақыт Асановтың есептік […]
Жетісай аудандық полиция бөлімінде мейрамхана, дүкен, кафе, жанармай құю бекеттерінің иелерімен өткен кездесу – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды қадамдардың бірі саналады. Бұл жиын ішкі істер органдары мен жеке сектор өкілдері арасындағы өзара сенім мен […]
Пікір қалдыру