ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЛАРЫНЫҢ ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Қоңыр күз келгенде жылғалар бітеліп, айнала ластанатыны белгілі. Осы тұста, табиғаттың тынысын ашу мақсатында ауданда апта сайын сенбілік жұмыстары жүргізіліп, жол жиектері, арықтар күл-қоқыстан тазартылып тұрады.

«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қор­шаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен жалағаштықтар бүгінде сенбілікте ерекше белсенділік танытуда.
Аудан шырайын шұғылалы ету мақсатында биыл да ауданды көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу жұмыстары жүйелі түрде атқарылып келеді. Аудан көлемінде жүргізілген қызу тазалық жұмыстарына апта сайын барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізуде.

Елімізде экологиялық мәдениетті арттыру және қоршаған ортаны қорғау мәселелері қоғам назарынан тыс қалмайды. Апта сайын ұйымдастырылатын бұл акциясының елге берері мол. Сол үшін де апта сайын және жыл соңына дейін жалғаспақ. Республикалық акциясы Шымкент қаласындағы аудандарда, шағын аудандарда, көшелер мен саябақтарда кең көлемде өткізіліп келеді. Бүгін Еңбекші ауданы әкім аппарытының бастамасымен, 12 шағын ауданыдағы Ш. Уәлиханов көшесі тазаланды.
— Таза Қазақстан акциясы күнделікті жүргізілуде. Бүгін аудан бойынша 9 секторға бөлініп, 9 техникамен 250 ден астам адам акция аясында жұмыс жасауда. Біз тек қана қала көшелері мен өзен жағасын тазалаумен айналысып жатқан жоқпыз. «Таза Қазақстан» акциясы аясында көптеген қызықты шараларды өткіздік. Тазалық жұмыстарынан бөлек тәрбие жұмыстарына да баса назар аудардық. Өйткені жастар қоршаған ортаны қорғаудың, сақтаудың маңыздылығын жете түсінулері керек. Бүгін жинаған жер ертең қайта шашылып жатады. Осыны тыйған жағдайда нәтиже бар деп айта аламыз,-дейді Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев.
Жалпы, сенбілік – бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбір­шілікті көрсететін керемет шара. Аталған шара тұрғын­дардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалып­тастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды. Тұрақты сенбілік жұмыстары барысында күн санап көшелердің келбеті жаңаруда.
Қала  тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлық болып табылады. Қаланы қоқыстан  тазартып,  көрікті жерге айналдыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылды. Мектеп мұғалімдері де  мектеп маңайын, мектепке бөлінген  аймақтарды тазалады. Қаланың санитарлық жағдайын жақсарту үшін көріктендіру жұмыстарымен қатар қаланың сырт көрінісіне де ерекше көңіл бөлу сияқты ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Шара көтеріңкі көңіл-күймен басталды, оған қатысушылар сенбіліктің маңыздылығын жақсы түсініп, белсенді жұмыс істеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*