«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ, 15 ТЕХНИКА ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

Қазіргі уақытта қоршаған ортаны қорғау – өзекті мәселелердің бірі. Қоршаған ортаны қорғау бұл әрбір азаматтың міндеті. Қоршаған ортаны қорғау – жерді сақтау, оның пайдалы қазбаларын, су ресурстарын, өсімдіктер мен жануарларды қолдану, ауа мен судың тазалығын қамтамасыз ету, яғни қоғам мен табиғаттың гармониялық қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында таңмен таласа тазалық жұмыстары басталып кетті. Көктемде бастау алған “Таза Қазақстан” акциясы аясында әр апта сайын жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қала қоқыссыз қалаға айналып, шырайлана түскендей. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың  бастамасымен ұйымдастырылған шараға аудан әкімдіктерінің мен қалалық басқармалардың,  жекеменшік ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері,  кәсіпкерлер мен тұрғындар қатысып, шаһардың тазалық жұмыстарына үлес қосты. Мәселен, Әл-фараби  ауданында сенбілікке қатысушылар қоғамдық орындарды, көше бойларын, аялдамаларды, аулаларды, гүлзарлар мен саябақтарды қоқыстан тазалады. Арық-атыздардың іші тазаланып, ағын судың келуіне әзірленді. Ағаштардың жаз бойы қураған бұталары оталып, жасыл желек ретке келтірілді.

Жобаның мақсаты – жастардың экологиялық білімін арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған. Ең бастысы қоқыс тазалау емес, қоқыс тастамау болаты Тазалық мәдениетін қалыптастырып алғанда ғана ұрпақтың санасына сіңіп, дәстүрлі тазалық мәдениеті пайда болады. Оны қалыптастыру бүгінгі аға ұрпақтың іс-әрекеті мен бала ұрпақтың тәрбиесі. Иә, әр кім өз ауласын ретке келтіру керек. десе де,

Өйткені, бұл шара тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, және қаланың тазалығын сақтауға бағытталған. Акция барысында еріктілер, жергілікті тұрғындар, сондай-ақ аудан қызметкерлері қатысып, қоғамдық орындарды, көшелерді, саябақтарды және басқа да аумақтарды тазалау жұмыстарын атқарды.
“Мұндай шаралар қоршаған ортаны қорғауда, экологиялық жағдайды жақсартуда және қала тұрғындарының жауапкершілігін арттыруда үлкен рөл атқарады. Қаланың тазалығы мен көркіне оң әсерін тигізуде. Тұрғындар арасындағы бірлік пен ортақ жауапкершілікті нығайтуда” дейді тұрғындар.
Әр тұрғын өз ауласын тазалап, айналасын ретке келтіруге атсалысты. Ұйымдастырылған науқан аясында көршілер бірігіп, қоғамдық аумақтарды да тазалап, бір-біріне қолдау көрсетті.
Шара аясында 15 шақты арнайы техника 200-ге жуық адам жұмылдырылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*